Шетелге шығатын қазақстандық азаматтар үшін «SmartТravelKZ» мобильдік қосымша іске қосылды

   Шетелге шығатын қазақстандық азаматтар үшін «SmartТravelKZ» мобильдік қосымша іске қосылды    

                                                                        

2017 жылғы 14 желтоқсанда Шетелге шығатын қазақстандық азаматтар үшін «SmartТravelKZ» мобильдік қосымша іске қосылды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен әзірленген «SmartTravelKZ» негізгі мақсаты шет елдегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін мүмкіндігінше максималды түрде қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға жедел қолдау мен көмек көрсету болып табылады.

Қосымшаның көмегімен пайдаланушылардың ҚР Украинадағы консулымен бірнеше жолдар арқылы байланысу мүмкіндіктері бар: дауыстық хабарлама қалдыру, кері қоңырау жіберу, электрондық поштаға хат жолдау немесе қоңырау шалу.

Мобильдік қосымша Android және IOS негізіндегі смартфон пайдаланушылары үшін қолжетімді.

Қосылған : 3.01.2018, 09:40, Өзгертілген : 3.01.2018, 11:45