​Виза алуға қажетті құжаттар

Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігінің консулдық бөлімі (Претория қаласы) дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 8:00-ден 16:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау күнделікті сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін жүргізіледі. Сәрсенбі, сенбі, жексенбі және Ұлттық мейрам күндері жабық.

Консулдық бөлімнің электрондық поштасы: visa@kazembassy-sa.com

Адресі: 226 Aries Street, Waterkloof Ridge, Pretoria, 0181.

Телефоны: +27-12-4600162.

Email: visa@kazembassy-sa.com


ВИЗА АЛУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

Жарамды төлқұжат (паспорт). Сіздің төлқұжатыңыз алатын визаңыздан кем дегенде 6 ай ішінде жарамды және 2 бос беті болуы қажет. Визаға арызданушының паспортының 1 бетінің көшірмесі қоса берілуі қажет.

Шақыру қағаздың көшірмесі.

Визалық анкета. Әр визаға арызданушы бөлек анкета толтыруы қажет. Визалық анкетаның барлық тармақтарын толтыру қажет. Толық толтырылмаған визалық анкета қабылданбайтынын ескертеміз.

Сурет. Арызданушының екі паспорт көлеміндегі (3,5x4,5 немесе 5x5cm) суреті болу керек, біреуі визалық анкетаның сурет үшін арнайы арналған орынға жапсырылуы қажет.

Виза беру туралы өтініш. Виза беру туралы өтініш хат Елшіліктің консулдық бөліміне арналу қажет. Өтініште аты жөніңізді, сапарыңыздың мақсатын, Қазақстандағы телефоныңызды, жоспарлап отырған сапарыңыздың уақытын және Қазақстанда болатын жерлеріңізді көрсетуді сұраймыз.

Консулдық төлемақы. Төлемақы теменде көрсетілген Елшліктің консулдық бөлімінің есепшотына төленуі қажет.

Елшіліктің консулдық бөлімінің есепшоты:

First National Bank a Division of First Rand Bank Johannesburg

Swift Code: FIRNZAJJXXX

Account Name: Embassy of Kazakhstan – Consular Acc

Account Number: 62477353793

Branch Code: 251345

Branch Address: Shop 357, Brooklyn Mall, Cnr Fehrsen Street, Brooklyn, Pretoria 1081.

ЕСКЕРТПЕ: Визалық құжаттарды қарастыру мерзімі 5 жұмыс күні күн. Форс-можорлық, төтенше жағдай орын алған жағдайда (ауыру, қайтыс болу), визалар үш күннің ішінде ресімделуі мүмкін.

Қосылған : 2.02.2018, 09:45, Өзгертілген : 2.02.2018, 10:25