​Туу туралы куәлік

Туу туралы куәлік

Қазақстан Республикасының туу туралы куәлігін алу үшін консулдық бөлімге өтініш білдіру қажет:

1. өтініш білдіру үшін ата-анасының біреуі консулдық бөлімге өзі келуі тиіс;

2. ОАР құзыретті мекемелерінен баланың ОАР азаматтығына қатыстылығы туралы мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылып, нотариуспен куәландырылған анықтама дана;

3. неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы мен нотариуспен куәландырылған оның көшірмесі;

4. туу туралы куәлік беру жөніндегі ата-аналарымен толтырылған сауалнама (қосымшада тіркелген);

5. баланың туғандығы жөнінде нотариуспен куәландырылған емханадан анықтама және оның көшірмесі;

6. Қазақстан Республикасы паспорттарының түпнұсқасы мен нотариуспен куәландырылған олардың көшірмелері дана;

7. Елшліктің есепшотына 30 АҚШ доллары көлеміндегі төленген консулдық алымның түбіртегі.

Құжатты қарастыру мерзімі - 5 күн.

*Ескертпе: Қазақстан Республикасының Туу туралы куәлігін беру туралы арыз бала туылғаннан кейін 2 ай мерзім ішінде қабылданады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар консулдық бөлімге 4 данада табысталуы қажет.

Қосылған : 29.03.2017, 20:50, Өзгертілген : 29.03.2017, 20:50