ОАР тұрақты тұруға рұқсат алу

ОАР тұрақты тұруға рұқсат алу

Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының аумағынан жеке шаруаларымен шығып, сол жерде тұрақты тұрып қалуға ниет білдіргендер Қазақстанның құзыретті органдарынан тиісті рұқсат алу үшін құжаттарын Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне тапсырулары қажет.

Осыған байланысты, ОАР тұрақты тұруға рұқсат алу келесі құжаттарды үш данада тапсыру керек:

1. консулдың атына ГФР-да тұрақты тұрға қалдыру туралы еркін нысанда өтініш - 3 данада;

2. паспорттың түпнұсқасы және өзекті ақпараттары бар беттерінің көшірмесі - 3 данада;

3. Қазақстан азаматының жеке куәлігінің түпнұсқасы ЖСН-мен бірге немесе осы құжат тиісті органдарға өткізілгендігі туралы анықтама - 3 данада;

Егер Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі жоғалып немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен болса, өтініш білдіруші жазбаша түрде түсініктеме беру қажет.

4. әскери билеттің түпнұқасы және көшірмесі немесе осы құжат тиісті органдарға өткізілгендігі туралы анықтама - 3 данада;

5. еңбек кітапшасының түпнұсқасы және көшірмесі - 3 данада;

6. толтырылған сауалнама көшірмесімен бірге (сауалнаманы толтыру барысында жақын туыстарыңыздың деректерін толық көрсету қажет (шешесі, әкесі, аға-інісі, әпке-сіңілісі, жұбайы, сондай-ақ неке айырылысқан болса да), олардың ҚР, сонымен қатар шетелдегі мекенжайлары, Қазақстаннан шыққан күні) - 3 данада;

7. фотосурет 4х4,5 - 3 дана;

8. Сізге ОАР-да тұрақты тұруға құқық беретін болмыш мемлекеттің құзыретті органдары берген тұрақты тұру рұқсатының түпнұсқасы, сонымен қатар қазақ және орыс тілдеріндегі куәландырылған аудармасы - 3 данада;

9. заң бойынша Сізден алимент алуға құқылы Қазақстан Республикасында тұратын тұлғалардан Сіздің шығуыңызға қарсылықтары жоқ екендігі жөніндегі нотариалды түрде куәландырылған өтініштері (ата-анаңыздың немесе егер бірлескен некеден кәмілетке толмаған балалары болса, бұрынғы жұбайыңыздың/зайыбыңыздың және т.б.). Өтініш білдіруші қандай да бір себебтермен мұндай өтінішті ала алмаса, бұл сұрақ сот арқылы шешіледі, немесе қосымша қайтыс болу туралы куәліктің түпнұсқасын 3 дана көшірмесімен бірге тапсыру қажет;

10. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматын ата-анасының біреуімен бірге қалдыру барысында (қамқоршы, тәрбиеші) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа ата-анасының нотариалды түрде куәландырылған келісімі қажет. Кәмілетке толмаған баланың шығуына қатысты ата-анасының біреунің келісімі болмаған жағдайда, бұл сот арқылы шешіледі. Соттың шешімін куәландырыу қажет. Қосымша некені бұзу туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін немесе қайтыс болу туралы куәліктің түпнұсқасын 3 дана көшірмесімен бірге тапсыру қажет;

11. егер ата-анасының біреуі ТМД аумағында болып, Сізбен бірге кәмілеттік жасқа толмаған балалар қалған болса, онда баланың ОАР тұруына жазбаша түрде оның келісімін тапсыру қажет, егер бала 10 жастан үлкен болса, оныңда куәландырылған жазбаша келісімі қажет. Егер ата-анасының біреуінің келісімін алу мүмкін болмаса, оның себебін жеке өтініште толық көрсету қажет. Сондай-ақ балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқасын 3 дана көшірмесімен бірге тапсыру қажет;

12. Сіздің туу туралы куәлігіңіздің түпнұсқасы және көшірмесі - 3 данада;

13. неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы және 3 дана көшірмесі. Аталған құжатты ОАР құзыретті мекемелері ресімдеген жағдайда, «Apostille» мөртаңбасы, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілдеріндегі куәландырылған аудармасы 3 данада болуы міндетті;

14. Жеке сәйкестендірме нөмірі (ЖСН), (ЖСН туралы мәліметті (http://egov.kz/wps/portal/P40.05) адресі бойынша ҚР электрондық үкіметінің порталы арқылы алуға болады;

15. Елшіліктің есепшотына 300 АҚШ доллары көлемінде консулдық алым төлеу қажет.

Құжаттарды қарастыру мерзімі 1 жыл.

Қосылған : 29.03.2017, 20:55, Өзгертілген : 29.03.2017, 20:55