​Қазақстанға кері қайту куәлігін ресімдеу

Қазақстанға кері қайту куәлігін ресімдеу

Оңтүстік Африка Республикасы аумағына уақытша сапарға шығып, ҚР паспортын жоғалтып алған Қазақстан Республикасының азаматтары ҚР кері қайту куәлігін алу үшін ҚР ОАР Елшілігінің консулдық бөліміне өтініш білдіруі қажет:

Өтініш білдіру үшін жеке өзі келіп, келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1. консулдың атына құжаттың жоғалу себебін көрсете отырып, ҚР қайту куәлігін беру туралы еркін үлгідегі өтініш -1 дана;

2. белгіленген үлгіде толтырылған сауалнама - 1дана;

3. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі (егер бар болса, жеке куәліктің түпнұсқасы);

4. паспорттың ұрланғандығы/жоғалғандығы туралы Сіздің жүгінгендігіңіз жөнінде полиция учаскесі анықтамасының түпнұсқасы және көшірмесі;

5. фотосурет 3х4 – 2 дана.
Қосылған : 29.03.2017, 20:50, Өзгертілген : 29.03.2017, 20:50