Қазақстан Республикасының паспортын ресімдеу

Қазақстан Республикасының паспортын ресімдеу

Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері келесі Қазақстан азаматтарына паспорттарды ресімдейді:

  • 1.Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын

азматтарға, яғни ОАР тұрғылықты тұруға рұқсаты бар Қазақстан азаматтарына;

  • 2.шет мемлекеттің аумағында орналасқан жоғарғы оқу орындарының

күндізгі бөлімінде білім алып жатқан Қазақстан азаматтарына;

  • 3.шет мемлекеттің аумағында келісім-шарт бойынша бір жылдан аса

жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары мен олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне.

Оңтүстік Африка Республикасына жеке және туристтік мақсаттарда келген Қазақстан Республикасының азаматтары паспортты Қазақстанда тұрақты тұратын жерінде ресімдеу қажет екенін ескертеміз.

Оңтүстік Африка Республикасында тұрақты тұратын, оқитын және келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының ұлттық төлқұжатын (паспортын) ресімдеу үшін келесі құжаттарды Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігінің консулдық бөліміне 2 данда ұсыну қажет:

  • 1.Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен көшірмесі;
  • 2.өтініш берушінің туу туралы куәлігі мен көшірмесі;
  • 3.16 жасқа толмаған балаларының туу туралы куәлігі мен көшірмесі;
  • 4.неке қию туралы куәлігі, егер неке бірнеше рет тіркелген жағдайда

некені бұзу туралы куәлігі мен көшірмелері;

  • 5. миграциялық қызметте тіркелу құжаты, (уақытша немесе

тұрғылықты тұру);

  • 6.ОАР миграциялық қызметінен ОАР азаматтығын қабылдамағаны

туралы немесе осы мәселе бойынша арызданбағаны туралы анықтама;

  • 7.жоғарғы оқу орнынан анықтама;
  • 8.кадр басқармасымен куәландырылған келісім-шарт пен жұмыс

орнынан анықтама;

  • 9.егер Қазақстан Республикасының паспорты жоғалса немесе ұрланса

паспорттың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы полициядан анықтама;

  • 10. 3,5х4,5 фотосурет – 4 дана. Суреттер соңғы кезде түсірілген болу

керек, тура алдынан, жарық фонда, күлкісіз түсірілген, суреттегі бейнеңіз 75%-тен кем болмау керек, сондай-ақ басыңыздың үсті мен суретіңіздің екі жанында ақ жиек қалдырылуы керек.

  • 11. Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы

Елшілігінің консулдық бөлімінің атына еркін түрде арыз;

  • 12. толтырылған сауалнама (қоса тіркелген);

Құжаттарды қарастыру мерзімі 4-6 ай мерзімді құрайды.

Паспортты ресімдеу үшін консулдық алымның мөлшері – 50 АҚШ долларын құрайды.

Консулдық есепшот Елшіліктің бев-сайтында орналасқан. Консулдық алымды төлеу кезінде абай болуыңызды сұраймыз. Қазақстан Республикасының Салық туралы кодексінің 7 тарауы 554 тармақшасына сәйкес, консулдық алымдардың сомалары қайтаруға жатпайды.
Қосылған : 29.03.2017, 20:45, Өзгертілген : 29.03.2017, 20:45