Eкіжақты қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 5 наурызда орнатылды.

Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігі 2013 желтоқсанда ашылды.

Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі 2003 жылы желтоқсанда ашылды.

2016 жылдың желтоқсанында Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде Кейтуметси Сейпело Тандека Мэтьюз тағайындалды.

2014 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Оңтүстік Африка Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2002 жылы өткен Тұрақты даму бойынша жаһандық саммитке қатысуы шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ОАР-да жұмыс сапарымен болды.

Сауда экономикалық ынтымақтастық мәселелерін дамыту мақсатында 2007 жылы ҚР Өнеркәсіп және сауда министрлігінің делегациясының ОАР-ға іс-сапары өтті.

2008 жылдың желтоқсанында Африкалық ұлттық конгресс партиясының төрағасы Джейкоб Зума Қазақстанда жұмыс сапарымен болды. Астана қаласында болуы кезінде ол ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастарының перспективаларын талқылады.

2010 жылдың 28 қыркүйегінде ОАР астанасы Претория қаласында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ОАР Халықаралық қатынастар мен ынтымақтастық департаменті арасында 1-ші Саяси консультациялар өткізілді.

2010 жылдың 10 қарашасында Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы ОАР-да жұмыс сапарын шекті.

2012 жылы 2 мамырда Астана қаласында Саяси консультациялардың 2-ші кездесуі өткізілді.

2012 жылы 29 қазанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай ОАР-да жұмыс іс-сапармен болды. Іс-сапар барысында Қ.Сарыбай ОАР Президенті Дж.Зумамен кездесіп, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке Жолдауын табыс етті.

2013 жылдың 11-13 қазан кезеңінде Претория қаласында екі елдің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Саяси консультациялардың 3-ші раунды өткізілді. Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдениет салаларындағы екі жақты қарым-қатынастардың ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

2014 жылы 5-6 қараша кезеңінде Астана қаласында екі елдің сыртқы саяси мекемелерінің арасында Саяси консультациялардың 4-ші раунды өткізілді. Екі елдің делегациялары жоғары және жоғарғы деңгейдегі саяси диалогты нығайту мен дамыту, өзара инвестицияларды қолдау және сауда-экономикалық саласында ынтымақтастықты дамыту бойынша ортақ келісімге келді.

2016 ж. 11 қарашада Астанада екі ел сыртқы істер ведомстволары арасында саяси консультациялардың 5-ші раунды болып өтті. Тараптар халықаралық аренада ынтымақтастықты дамытуға, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалығы кезеңінде өзекті мәселелер бойынша кеңес алу, технологиялармен алмасу, ғылым және білім беру салаларында байланыстарды нығайтуға дайындығы көрсетті.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.11.2016, 18:50