Қазақстанның Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен Ливанға барды

Ливан Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев қазақстандық бітімгершілік контингенті әскери қызметшілерінің күнделікті қызметімен және оның ротациялануы процесімен танысты. Қазақстандық бітімгершілік рота орналасқан «ҮндҚазбат» батальонының жауапкершілік аймағына бару барысында ҚР Қорғаныс министрі қазақстандық бітімгершілік контингенті әскери қызметшілерінің күнделікті қызметімен және оның ротациялануы процесімен танысты.

Қазақстандық бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағына Ливанның халықаралық мойындатылған шекарасына сай келетін және шиеленіс тұстары айырылуының анағұрлым талан-таражға түсетін жолағы болып табылатын «Көгілдір шекара шебі» деп аталатын шығыс бөлігінің аумақтары кіреді.

«Бітімгершілік миссияны орындау мемлекеттік маңызы бар іс болып табылады. Бұл әлемдік қауымдастық және БҰҰ алдында Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындауы.

Ливанға келген сәттеріңізден бастап жарты жыл өтті. Бітімгершілік контингентінің ротациялану процесі жүруде. Алғашқы бітімгершілік рота өз міндеттерін лайықты орындап, құрметпен Отанына оралады. Бітімгершілердің жаңа контингенті осыған дейін болған жауынгерлер сияқты Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің мәртебесін жоғары көтеретініне сенімдімін. Сіздер Ливан жерінде біздің Отанымыз - Ұлы дала елі атынан әрекет ететініңізді естен шығармаңыздар. Сіздердің әрбір әрекеттеріңіз арқылы Қазақстан Республикасы бағаланатын болады», - деді ҚР Қорғаныс министрі бітімгершілердің алдында сөз сөйлеуі кезінде.

Қазақстан Республикасының тарихында алғаш рет бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі миссияны орындау үшін Ливан Республикасына 120 әскери қызметші мен 3 штабтық офицерден құралған қазақстандық бітімгершілік рота жолданғанын айта кету қажет.

Қазақстандық әскери қызметшілер 6 ай бойы өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі тапсырмаларды орындады, жергілікті жерді патрульдеу, бақылау бекеттерін ұйымдастыру, атыстың тоқатылуының сақталуына бақылау жасау, азаматтық халыққа көмек көрсету бойынша функцияларды орындады, сондай-ақ миссия штабы өткізген барлық іс-шараларға қатысты.

Ливандағы БҰҰ миссиясының, сондай-ақ «ҮндҚазбат» батальонының қолбасшылығы қазақстандық бітімгершілердің дайындығына жоғары баға беруде. Сондай-ақ қазақстандық бітімгершілер өз ісінің кәсіпқойлары ғана емес, сонымен бірге, миссияны орындау кезінде жоғары жеке қасиеттерін көрсеткендері атап өтілді.

Кездесу барысында қорғаныс ведомстволарының басшылары қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға әзірліктерін растады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Генерал-майор Н. Ермекбаев «Ливандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша күштері» миссиясына қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік ротасын өрістету процесіне жәрдем көрсеткені үшін Ливан тарапына алғыс білдірді. Өз кезегінде, Элияс Бу Сааб Қазақстанға БҰҰ шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі күш-жігерге үлес қосу шешіміне алғыс айтты.

Қазақстандағы әскери білім

Білікті мамандардың, сонымен бірге, бәсекеге қабілетті өз кадрларын дайындау маңыздылығын түсіне отырып, Қарулы Күштердің қалыптасуынан бастап әскери білім беруді дамытуға ерекше назар аударылды. Бұның нәтижесінде, 25 жыл ішінде Қазақстанда Қарулы күштердің даму келешегіне сәйкес Ұлттық әскери кадрлар дайындау жүйесі құрылды. Бұл жүйе үздіксіз оқу үдерісін қамтамасыз етеді, және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы қарастыратын бес дәрежені қамтиды. Олар: орта білім, техникалық және кәсіби білім, жоғарғы білім – бакалавриат, жоғары оқу орнынан кейінгі білім - магистратура және докторантура, сондай-ақ қосымша білім - әскери кафедра, мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Орта білім беруді Астана, Алматы, Қарағанды мен Шымкент қалаларындағы «Жас Ұлан» республикалық мектептері ұсынады. Ал техникалық және кәсіптік білім беру Кадет корпусымен ұсынылған, ол кіші командалық құрамын дайындайды. Оның Жоғарғы Бас қолбасшысы – Елбасымен құрылуы Қарулы Күштерде әлемнің озық әскерлеріне ұқсас сержанттар институтын қалыптастыруна бас салды.

Бар болғаны 20 жыл ішінде Кадет корпусі 18 рет бітірушілерді шығарды. Бұл оқу орны Қарулы күштерге арнайы 2 700 сержант – кәсіпқой манмандарды дайындап, әскери білім жүйесінде өз ұстанымын нық бекітті. Қазіргі кезде, Кадет корпусының түлектері командир көмекшісі ретінде ҚР Қарулы күштерінің әр түрлі лауазымдарында қызмет атқаруда.

Үш әскери жоғарғы оқу орындарында Қарулы күштердің түгелге жуық әскер түрлерінің мамандарын дайындауда.

Құрлықтағы әскер Институты Қарулы күштердің сансыз көп түрлері үшін әскери кадрлар ұстаханасы болып табылады. ҚР ҚК 70% астам кіші офицерлік құрамы аталған оқу орнының түлектері болып табылады. Бұл институт қабырғасынан барлығы 12 600 офицер, оның ішінде, тәуелсіздік жылдары 7 300 офицер шығарылды. Институттың 67 түлегі жоғарғы әскери «генерал» атағына ие болып, бүгінгіде, Қарулы күштерде басшы қызмет атқаруда.

Әуе шабуылына қарсы қорғану әскері, байланыс әскері, Автоматтық басқару жүйесі және ақпараттық (кибер) қауіпсіздік мамандарын дайындау мақсатымен біз Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженер Институтін құрдық.Аталған институт 10 бағыт ішінде 1 000 астам офицер дайындады.

Тек Әскери – әуе күштері үшін ғана емес, сонымен бірге, Ішкі істер Министірлігінің авиациясы мен ҚР Ұлттық қауіпсіздігі Комитетінің шекара қызметіне арнайы жазғы және инженерлі-техникалық құрам дайындау орталығы ретінде Кеңес Одығының батыры болып екі рет атанған Талғат Бегельдинов атындағы Әуе қарғанысы күштерінің әскери Институті табылады. Аталған институт 1 900 астам ұшқыштар мен инженерлер шығарды.

Жоғарғы бас қолбасшы әскери кадрлер дайындауға аса маңызды назар аударады. Осыған байланысты біздің Елбасы – Қазақстан Республикасының бірінші Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс Институті бірегей жоғарғы оқу орны құрылды. Аталған университет ведомствоаралық оқу-әдістемелік орталығы болып табылады. Бұл жерде жедел-тактикалық және стратегиялық басқару бөлімдерге арнайы жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім деңгейі ғылыми-зерттеу, бейінді магистратура және докторантура ретінде ұсынылған.

Жылдан жылға 100 астам офицерлер, соның ішінде болашақ генералдар шығарылады. Курстік дайындау жүйесінен жыл сайын 2 000 астам әскери қызметкерлер мен Қарулы күштер қызметкерлері, және тағы басқа әскерлер мен әскери құрылымдар қызметкерлері мамандықты арттырудан өтеді.

Ұлттық қорғаныс Университеті жанында Ұлттық гвардия факультетімен қатар Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекаралық Қызмет факультеті құрылған, ал ағымдағы жылда Мемлекеттік күзет қызметінің факультеті ашылады. Аталған Университет әлемдегі үздік жоғарғы оқу орындарына танылып, Оксфорд қоғамдастығына және Еуразиялық университеттер ассоциациясына қабылданды.

Біздің барлық әскери жоғарғы оқу орындарында Қырғызстан, Тәжікстан мен Арменияның әскери қызметкерлері оқиды, яғни, ол Қазақстанның әскери білім деңгейі жоғары екенін дәлелдейді. Ұжымдық қауіпсіздік жөнінде келісім Ұйымына кіретін мемлекеттердің бар болғаны 370 әскери қызметкері дайындалды.

Сонымен қатар, тәжірибе алмасу мақсатымен, біздің 410 әскери қызметкерлеріміз шетел (Ресей, Қытай, АҚШ және т.б.) жоғарғы оқу орындарында білім алады.

Қорлар дайындауға да үлкен көңіл аударылады. Азаматтық жоғарғы оқу орындарында 70 әскери-есептік мамандықтар бойынша 29 әскери кафедрада оқу жүргізіледі. Жыл сайын әскери кафедралар 3 700 астам запастағы офицерлерді дайындайды.

Қазақтанның әскери оқу орындарында кәсіби білім берумен қатар әскери қызметкерлер мамандықтарын қайта дайындау және арттыру курстары қарастырылады.

Елбасы «Қазақстан әскери кадр дайындау бойынша – бастапқы сержанттан бастап, әскери істің ір түрлі салаларындағы генералдарға дейін толық цикл құрған кейбір елдердің бірі болғанын» айқын көрсетті.


Қазақстанның қорғаныс өнеркәсіб кешені

Мемелекет, алдағы кезеңде, қайта қаруландыруға, сонымен бірге, бар қару-жарақ пен әскери техниканы жаңартуға бағытталған тиімді шаралар жүргізуде.

Құрлық әскерлеріне заманауи құрышпен қапталған ұрыс машиналар мен бронетранспортерлер жеткізілді. Олардың ішінде, отандық «Арлан» құрышпен қапталған дөңгелекті машиналар, ғарыштық-артиллериялық қару-жарақ, ТОС-1 «Солнцепек» ауыр от ату жүйелері, отандық радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс машиналары, ЖЖМ жеткізу техникасы және далалық госпитальдер де бар.

Әскери-әуе күштері қазіргі кездегі 4++ ұрпағына жататын Су-30СМ жойғыштарына, өз қатарындағы ең үздіктердің бірі С-295 әскери-көліктік ұшақтарына, ЕС-145 және Ми-171Ш тікұшақтарына, Ми-35М көліктік-соғыс тікұшақтарына толды. Бұдан басқа, Су-27 ұшақтары 4+ ұрпағына дейін терең жаңартудан өтті.

Қазақстан Республикасы Каспий теңізінде ең созылыңқы шекарасын алады. Әскери-теңіз күштері де құрылып, сәтті түрде дамыған. Бүгін, Қазақстанда әскери арнайы кеме, қайық құрастыру индустриясы құрылған. Теңіз шекарасын қорғау мақсатымен, Оралдағы «Зенит» зауыты 25 астам кеме, қайықтарды суға түсірді.

Отандық кәсіпорнымен үшкоординатты РЛС «GM-403 Нұр» жеткізіледі. Олар өз мүмкіндіктері бойынша бұрыңғы нұсқаның 2 станциясын қамтиды және ТТС бойынша олардан 3 есе артады.

Сонымен қатар, арнайы әскер мен тылға арналған техника, автомобильді техника, БМП (БТР) арналған пушкалар мен мина атқыштар сатып алынды.

Қарулы күштердің бөлімшелеріне және оларды біріктіру үшін әр түрлі ұшқышсыз ұшатын аппараттар, олардың ішінде барлау-соққы беру зымырандық-бомба қаруына дәлдігі жоғары соққы беруге қабілетті барлау-соққы беру қарулар да бар.

Тұрақты дайын бөлімшелер мен құрамалардың 84% түнде көру құралдарымен жабдықталған. Яғни, ол түнгі кезде соғыс әрекеттер жүргізуге мүмкіндік туғызады.

Бөлімшелер мен құрамалар қазіргі заманға сай сандық байланыс жүйелерімен жабдықталған. Жаңа сандық құралдар мен байланыс жүйелер шешім қабылдау жылдамдығына үлкен әсер еткені күмәнсіз. Бұл құралдардың сипаттамасы кең болғандықтан, олар тезарада және құпия түрде сигналдар мен бұйрықтарды жеткізуге және ақпарат алмасуға мүмкіндік туғызады.

Бүгінгіде, Қазақстан армиясы әскері замануи қорғаныс құралдырымен, байланыс құралдарымен, түнде көру жабдықтарымен және атқыштардың ең жақсы үлгісімен толық жабдықталған.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің келбеті 21 ғасыр армиясының талабына сай.


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 25 жыл

25 жылдық кезең ішінде Қазақстан Қарулы Күштері Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен қиын, әрі прогрессивті даму жолымен өтті. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға қабілетті армияны құру басымдықтардың бірі болды. Көп векторлы және толеранттылық қағидалары бойынша мемлекеттің құрылысы мен дамуын таңдау Қарулы Күштердің заманауи көрінісін алдын ала анықтады. 1993 жылы 11-ақпанда қабылданған тек қорғаныс сипатындағы мәселелерді шешу үшін қазақ армиясын құру қағидалары алғаш рет Әскери доктринада белгіленіп, және олардың қазіргі замандағы дамуының негізі болып қала береді.

Қазақстан Республикасының 25 жыл жаңа тарих ішінде тікелей қолдау және ізгілік пен халықаралық қоғамдастықтың бейбіт құрылысына қосылуға дайын болу қадамы арқасында Қазақстанның ядролық қарудан ресми бас тартуы және Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қатысуымен бүгінде тиімді армия бар.

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қатысуымен бүгінде тиімді армия бар. Қазақстанның ресми ядролық қарудан бас тартуы ізгілік пен халықаралық қоғамдастықтың бейбіт құрылысына қосылуға дайын болуы және маңызды қадам болды.

Еліміздің даму стратегиясында, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында және әскери доктринада орын алған мемлекеттің қауіпсіздігін жузеге асыру көзқарастарына сәйкес қазақстандық әскерінің қазіргі деңгейіне жетуіне құрылудың серпінді процесі демеу болды. Бұл кезде қиындық тудырғаны құрамында корпустар мен дивизиялары бар массалық әскерден саны аз, бірақ жақсы жабдықталған, соғысқа жарамды, әскери құрылудың негізіне үнемі дайындықта болатын құрамалар мен бөлімдерінен тұратын Қарулы күштерге көшу болып табылды.

Қарулы күштердің Құрлықтағы әскер, Әуе қорғанысы және Теңіз күштерінен тұратын үштүрдік құрылымы белгіленіп, жасалды, стратегиялық мақсаттары бар тиісті әскери түрлері де жасақталды. Мемлекетке төнетін қатерді еске ала отырып, олардың құрамы оңтайландырылып, мақсаттары анықталды.

Бірлескен жоспарлауда, ведомствоаралық үйлестіруде және басқа әскерлер мен әскери құралымдармен қарым-қатынас ұйымдастыруда, сонымен қатар әскери қауіпсіздік пен Қазақстанды қорғау мәселелерін шешу кезіндегі Қарулы күштер бас штабының рөлін жоғарлату мақсатында оған Қорғаныс министрлігі ведомствосы мәртебесі берілді. Құрлықтағы әскер, Әуе қорғанысы және Теңіз күштерінің әскери күш-қуат потенциалдары арттырылып, дағдарысты ахуалдар туындаған кезде, басқыншылыққа, шабуылға тойтарыс беру толық қамтамасыз етілген әскерлер топтары құрылды.

Қысқа мерзімде кез келген қауіпқа дереу әрекет ететін арнайы операциялар Күштер топтары құрылды.

Киберкеңістікте болатын қауіпқа қарсы тұратын Қарулы күштерде ақпараттық қарсы тұру компоненті құрылды.

Мемлекеттің аумақтық қорғаныс жүйесін жалпы әскери қауіпсіздік жүйесімен біріктіру үшін Қарулы күштер құрамында аумақтық басқару органы құрылды.

Мемлекет аймақтарындағы әскери қауіпқа жедел жауап қайтару мүдделері үшін Қарулы күштерінің әуе-көлік мүмкіндіктері арттырылды.

Әскерлер мен әскери оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың заманауи технологиялары еңгізілді, білім деңгейін арттыру және соғыс жағдайы кезінде жеке құрамға қажетті дағдылар мен шеберлікті нығайту үшін оқу-әдістемелік базасы кеңейтілді.

Мемлекеттің әскери ұйымын кешенді түрде дамыту шараларын жүзеге асыру Қазақстанның қорғаныс қабілетінің нығайтуын қамтамасыз етті.

Қарулы күштердің жауынгерлік әзір күйін қолдауына әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы мемлекеттік қызмет бағыттарын анықтауының үнемі процесі ықтимал етті, сонымен қатар әлем және аумақтағы геосаяси жағдайының өзгеруін есепке ала отыра оларды дамыту шаралары, мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер мен жаңа қарсы шығулардың болуы.


ҚР ҚК қаруы мен техникасы

Қазақстан Қарулы күштерінің құаттылығының ажырамас көрсеткіштерінің бірі болып оның техникалық жабдықталуы саналады. Қарулы күштердің айтарлықтай шетел өндірісі мен отандық өндірістегі әскери техникасымен жабдықталып, жасақталуы арттырылды.

Жыл сайын қарудың жаңа үлгілерін сатып алу көзделді, критерийлердің бірі болып техниканың компьютерлендіруі болып табылады. Солай, автоматтандырылған басқару жүйелері бүтін бір әскерді ауыстыра алады.

Сатып алынатын қару мен техникаға қатысты Қазақстан аумағындағы өндірістің шектелуіне, технологиялардың табысталуы мәселелеріне, техникалық қызмет көрсету орталықтарын ашуға көңіл бөлінеді.

Бүгінгі таңда қаруландыруда заманауи БТР-82А бронетранспортерлары, БПЛА кешендері, түрік өндірісінің «Кобра» әскери дөңгелек машиналары, Қазақстанда жасалған «Арлан» ӘДМ және «Казахстан», «Орал», «Сары-арка» зымыран-артиллериялық кемелер және мүмкіншіліктеріне қарай бірегей болып табылатын миналарды орнатып, тралдауды жүзеге асыратын, миналық қауіпсіздікке қарсы тұратын су аппараттарының (роботтар) үш түрін орнататын «Алатау» миналық-тартқыш кеме.

Одан басқа Әуе қорғанысы күштеріне «4++» буынды Су-30СМ жойғыштары, «EC-145» (Airbus) жеңіл тікұшақтары, Ми-35М жауынгерлік тікұшақтары, Ми-171Ш және Ми-17В-5 көліктік-жауынгерлік тікұшақтары, «С-295» (Airbus) әскери-көліктік ұшақтары жеткізілді.

Жалпы, негізгі қарумен әскери техникамен жабдықталу 92% құрайды, соның ішінде заманауи қарумен - 24,5%.

Мемлекеттің дамуының 25 жылының ішінде шағын, мобильді, жоғары білікті қазіргі қауіпқа қарсы тұруға қабілетті Қарулы Күштер құрылды.

Қорғаныс Министрлігі ары қарай да әскердің жауынгерлік дайындығын қолдайды, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрекетін кеңейтеді, ішкісаяси тұрақтылыққа демеу болып, қазақстандық патриотизмді тәрбиелейді, сонымен қатар мемлекеттің қауіпсіздігіне азаматтардың саналы қарым-қатынастарын нығайтады.

Қосылған : 15.05.2019, 10:00, Өзгертілген : 15.05.2019, 10:00