ЭЫДҰ мемлекеттік басқару саласындағы қазақстандық реформаларды қолдайды

2019 жылғы 15-17 сәуірде Қазақстаннан делегация Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Мемлекеттік басқару комитетінің 59-шы отырысында қатысты. Оның құрамына ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекова және әділет вице-министрі Алмат Мадалиев, бірқатар министрліктер мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (МҚІСЖҚКА) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кірді.

Отырыстың қатысушылары ЭЫДҰ-мен Елдік бағдарлама шеңберінде іске асырылған бюджеттік саясатты оңтайландыру, мемлекеттік-жеке серіктестік, мемлекеттік сатып алулар, тәуекелдерді басқару, ақпаратқа қол жеткізу және мемлекеттік қызметті реформалау бойынша шолулардың қорытындыларын қарастырды.

Комитеттің хатшылығы «Қазақстанның реформалар жүргізуге пейілдігі, оларды ендірудегі нақты іс-қимылдарды және ЭЫДҰ-ның стандарттарына жақындауға анық талпынысын» атап өтіп, біздің елде мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау бойынша ауқымды жұмысты жоғары бағалады.

Біздің елге арналған арнайы сессияда қазақстандық делегацияның презентациясы ЭЫДҰ мүше-мемлекеттері арасында айтарлықтай қызығушылық туғызды. Мәселен, Швецияның делегаты орталықсыздандыру және жауапкершілікті өңірлерге сатылы беру бойынша саясаттың маңыздылығын белгілеп, оларға зор әсер ету тетіктерін беру кезінде тәуекелдерге талдаудың жүргізілгені бойынша сұрақ қойды. Щвейцариядан өкілін «ашық үкімет» және заңның ұлықтылығын күшейту саласында қолданылатын тетіктер қызықтырды. Франция делегациясы Қазақстанның атап өтілген барлық салалардағы жетістіктерін атап өтіп, Қазақстан және ЭЫДҰ арасында қол қойылған Өзара түсінушілік туралы меморандум шеңберінде алдағы ынтамақтастық салаларының көбеюіне үмітін білдірді.

Іс сапар шеңберінде казақстандық делегация сондай-ақ Латвия, Польша, Еуропалық одақ, Норвегияның ЭЫДҰ-ға Елшілері мен Тұрақты өкілдерімен бөлек кездесулер өткізді. Біздің әріптестер Қазақстанның ЭЫДҰ-мен тығыз ынтымақтастығын құптайды, тәжірибе алмасу және реформаларды өткізуде қолдауды жалғастыруға дайындығын растады. Бөлек айтқанда, ЭЫДҰ жұмысы бағыттары бойынша одан да көп екіжақты қолданбалы жобаларды іске асыру ұсынылды және Қазақстанның Еуразиялық бәсекелестік бағдарламасын қолдауының маңыздылығын және бағдарламаның орталық-азиялық өңірі үшін одан да үлкен әсері үшін өзара әрекеттің қажеттілігі атап өтілді.

Қосылған : 18.04.2019, 16:05, Өзгертілген : 18.04.2019, 16:05