Құрметті Қазақстан Республикасының Францияда, Португалияда және Монакода тұрақты және уақытша тұратын азаматтары!

2019 жылы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Осыған орай, ҚР Франциядағы Елшілігінің консулдық бөлімінде № 246 сайлау учаскесі құрылды. Сайлау учаскесінің мекенжайы: 59, rue Pierre Charron, 75008 Paris; тел. +33(0)145613731, +33(0)145645214, +33(0)145645202; email: sailau2019.paris@gmail.com .

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес, дауыс беру 2019 жылы 9 маусымда (жексенбі) жергілікті уақыт бойынша 07:00 ден 20:00 дейін өтеді.

Сайлауға қатысу үшін Франция, Португалия және Монако аумағында тұрақты және уақытша тұратын ҚР азаматтары жоғарыда көрсетілген сайлау учаскеcіне алдын-ала тіркелулері қажет. Сайлаушы ретінде тіркелу, жеке деректеріңізді (аты-жөні, туған күні, ЖСН және жергілікті мекен-жайы) электронды поштаға жолдау арқылы жүргізіледі. Сайлау күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.

Дауыс беруге 18 жасқа толған және Қазақстан Республикасы азаматы паспортының түпнұсқасын ұсынған сайлаушылар қатыса алады. Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет ресурсынан (www.election.kz) алуға болады.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы - Сауранбаев Мұрагер Амангелдіұлы, учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары - Амандықов Ғалымжан Бауыржанұлы, учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Байсабаева Әлия Ғазизқызы.

Қосылған : 21.04.2019, 08:10, Өзгертілген : 21.04.2019, 08:10