Францияда Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Ұлы дала әуендері: дәстүрлер мен заманауилық» атты концерт өтті

«Франциядағы Қазақстан күзі» атты екінші мәдени маусым Н.Тілендиев атындығы мемлекеттік академиялық «Отырар Сазы» оркестрінің және  атақты фольклорлық «Ұлытау» рок-тобының қатысуымен «Ұлы дала әуендері: дәстүрлер мен заманауилық» атты концертімен аяқталды.

27 қарашада Страсбург қаласында Музыка және конгресстер сарайында мәртебелі қонақтар – Еуропалық Парламент депутаттары, Еуропа Кеңесі мүше-мемлекеттерінің елшілері, мәдениет қайраткерлері, Страсбургтің академиялық және іскерлік топтары мен муниципалитет өкілдері жиналды.

Концерт Қазақстанның музыкалық өнері дамуының жоғары деңгейін лайықты түрде көрсетті. Концерттік бағдарламаға ұлы қазақ композиторларының шығармалары және әлемдік классиканың үздік туындылары кірді.

Этникалық музыка мен заманауи рок дыбыстары кеш қонақтарын тәнті етті. Риза болған жұрт орындарынан тұрып, қол шапалақтады. Концерт аншлагпен өтті.

Елшілік 2018 жылы «Рухани Жаңғыру» Ұлттық бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі Қазақстанның заманауи мәдениеті» жобасын іске асыру аясында бастаған «Франциядағы Қазақстан күзі» мәдени маусымы француз жұрты жыл сайын күтетін дәстүрлі оқиғаға айналды.

Осы жылы маусым бағдарламасы айтарлықтай алуан түрлі болды: Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының балет труппасының өнер көрсетуі, классикалық музыка концерттері, француз тіліне аударылған екі томдық қазақ әдебиеті антологиясының тұсау кесері, заманауи қазақстандық суретшілері жұмыстарының көрмесі, жас дизайнерлеріміздің сән көрсетілімдері мен алғашқы қазақстандық кино фестивалі.

Қосылған : 27.12.2019, 23:35, Өзгертілген : 27.10.2019, 23:35