Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы (ЭЫДҰ)

Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ-мен белсенді ынтымақтастығы 2008 жылы Қазақстанның ЭЫДҰ Орталық Азия? Кавказ және Шығыс Еуропаның 13 елдерін қамтитын Еуразиялық бәсекелестік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қосылуы арқылы басталды.

ҚР ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының негізгі мақсаттары ҚР-ның экономикалық өсімін ЭЫДҰ сарапшылық әлеуетін тарту іске асыру, ҚР бәсекелестігін ЭЫДҰ Бағдарламасын іске асыру арқылы арттыру және ҚР ЭЫДҰ стандарттарына жақындап, келешекте 30 ең дамыған елдер қатарына кіру болып айқындалды.

2015 жылы ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында 2015-2016 жылдарға Ынтымақтастықтың Елдік бағдарламасына қол қойылды.

Елдік бақдарламаның мақсаты ынтымақтастықтың мүмкін түрлері шеңберінде Қазақстан ЭЫДҰ тетіктеріне қосыла алатындай және оның құрылымдық бөлімшелеріне қатысуға жағдай жасау.

Бүгінгі күні ммелекеттік саясат салысында ЭЫДҰ ең озық стандарттары мен тәжірибелерін ендіру «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына бірқатар жолдаулары сияқты стратегиялық маңызды құжаттарда орын тапты.

2018 жылы ЭЫДҰ-мен 2017-2018 жылдарға Ынтымақтастықтың Елдік бағдарламасының екінші сатысы аяқталды.

ҚР Премьер-Министрі жаныныда ҚР-ның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы бойынша үйлестіруші кеңес құрылды (бұдан әрі – Кеңес).

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үшінші модернизация шеңберінде ЭЫДҰ ең озық тәжірибелері мен ұсыныстарын ендіру үшін Кеңес Елдік бағдарламаның бірінші сатысы барысында алынған ЭЫДҰ ұсыныстарын іске асыру Жол картасын бекітті.

Ынтымақтастықты ұлғайту мақсатында 2018 жылғы қарашада ЭЫДҰ бас хатшысы А.Гурриа мен Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов 4 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметі және ЭЫДҰ арасында өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойды.

ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық ішінде Қазақстан Ұйымның 35-тен астам жұмыс оргнадарына қатысады.

«Шақырылған» мәртебесінде:

Реттеушілік саясат комитеті – ҚР ҰЭМ

Мемлекеттік басқару комитеті – ҚР ҰЭМ

Өңірлік даму саясаты комитеті – ҚР ҰЭМ

Корпортативті басқару комитеті – ҚР ҰЭМ

Қазыналық саясат комитеті – ҚР ҚМ

Қоршаған ортаны қорғау комитеті – ҚР ЭМ

Цифрлық экономика комитеті – ҚР ИИДМ

Денсаулық сақтау мәселелері комитеті – ҚР ДСМ

Өңірлік экономика мен еңбекпен қамтуды дамыту бойынша корпоративті іс-қимыл жоспары – ҚР ҰЭМ

Дамуға жәрдемдесу комитеті – ҚР СІМ

Балықшылық комитеті – ҚР АШМ

Ауыл шаруашылық комитеті – ҚР АШМ

Еңбекпен қамту, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша комитет – ҚР ЕХӘҚМ

Сақтандыру және жеке зейнетақы комитеті – ҚР ИИДМ

Сауда комитеті – ҚР ҰЭМ, Атамекен

Химиялық заттар комитеті – ҚР ИИДМ

Қаржылық статистика бойынша жұмыс тобы – ҚР ҚМ

Халықаралық бизнес операцияларда парақорлық бойынша жұмыс тобы – ҚР ИИДМ

Биотехнологиялар бойынша жұмыс тобы – ҚР АШМ

Білім беру зертеу және инновациялар орталығының басқарушы кеңесі – ҚР БҒМ

Экспорттық кредиттер және кредиттік кепілдік бойынша жұмыс тобы – «КазақЭкспорт» АҚ

«Қатысушы» мәртебесінде:

Индустрия, инновациялар және кәсіпкерлік комитеті – ҚР ИИДМ

Статистика комитеті – ҚР ҰЭМ

Бісекелестік комитеті – ҚР ҰЭМ

Ғылыми және технологиялық саясат комитеті – ҚР БҒМ

Мемлекеттік меншік және жекешелендіру бойынша жұмыс тобы – ҚР ҰЭМ

Салық салу саясаты және басқару орталығы – ҚР ҰЭМ

ЭЫДҰ ВEPS жобасы – ҚР ҚМ

Білім беру саласындағы саясат комитеті – ҚР БҒМ

«Қауымдастырылған мүше» мәртебесінде:

Инвестициялар комитеті – ҚР СІМ

Болат бойынша комитеті – ҚР ИИДМ

Серіктес мәртебесінде:

Еуразиялық бәсекелестік бойынша бағдарама

Даму орталығы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тор

Халықаралық транспорттық форум

Салық салу мақсатында ақпарат алмасу және ашықтық бойынша жаһандық форум

Қосылған : 7.02.2019, 18:40, Өзгертілген : 7.02.2019, 18:40