Елші

Ғалиев Жан Сержанұлы - Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Туған күні, жері:

1972 жылы 4 желтоқсанда Алматы қаласында (Қазақстан)

Білімі:

Қазақ мемлекеттік әлем тілдері және халықаралық қатынастар университеті (Алматы, 1990-1994 жж.);

Аудармашылар және халықаралық қатынастар институты (Страсбург, Франция, 1994-1996 жж.);

Францияның Премьер-Министрі жанындағы Мемлекеттік басқару халықаралық

институты (Париж, 1997-1998 жж.);

Адам құқықтары жөніндегі институт (Страсбург, 1998 ж.);

Халықаралық құқық академиясы (Гаага, 1998 ж.);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы (Астана, 2006 ж.).

Мансабы:

1995 ж.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебінің сарапшы-тілшісі.

1996-1997 жж.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебі Директорының көмекшісі

1999 -2001 жж.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің референті, үшінші хатшысы, екінші хатшысы

2001-2005 жж.

Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы (Париж)

2005-2006 жж.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті Батыс Еуропа елдері бөлімінің басшысы

2006-2007 жж.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті Еуропа басқармасының басшысы

2007-2010 жж.

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшілігінің, Еуропалық Одақ пен НАТО-дағы өкілдігінің Кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі (Брюссель)

2010-2016 жж.

Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы және Монако Князьдігіндегі Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі (Париж)

2017 ж.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында экономикалық дипломатия бағытында Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, Сыртқы істер министрлігі Алқасының мүшесі

2017 ж. 31 қазаннан

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды

(Сенім грамотасы тапсырылған күн - 2017 жылғы 18 желтоқсан)

2018 ж. 12 сәуірнен

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы, Монако Князьдігінде Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды (Сенім грамотасы тапсырылған күн - 2018 жылғы 26 сәуір)

Дипломатиялық дәрежесі: ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл (2019 ж. шілде)

Марапаттары: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Құрмет грамоталары (2007, 2013, 2016 жж.), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің алғыс хаты (2014 ж.), «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 15 жыл», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл», «Астана 20 жыл», «ТҮРКІСОЙ 25 жыл» естелік медальдары.

Шет тілдері: француз, ағылшын

Отбасылық жағдайы: үйленген, екі ұлы бар.

"Facebook" парақшасы:https://www.facebook.com/jean.galiev

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 5.02.2019, 16:00