Парижде «Менің Қазақстаным» атты көрмесі өтті

Париж, 5 сәуір, 2019 ж. Луврға қарама-қарсы бұрышындағы ең көне ғимараттардың бірінде - Париждің бірінші ауданы мэриясының көрме павильонында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының және «Ұлы Даланың жеті қыры» аясында Tengrinews.kz қазақстандық ақпараттық порталының фотографы Т.Казанғаповтың көрмесі өтті.

Экспозицияның ашылу салтанатына Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев және Париждің бірінші ауданының мэрі Жан-Франсуа Легарэ, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері, мәдениет қайраткерлері, журналистер, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

«Менің Қазақстаным» фотокөрмесі еліміздің әр түрлі өңірлеріне арнаған автордың шығармаларын біріктірді.

Барлығы 30 шығармалары көрсетілді. Олардың әрқайсысының артында өз тарихы бар. Бұл қазақ даласының ғажап ландшафтары ғана емес, біздің отандастарымыздың, қалалар мен ауылдардың тұрғындарының портреттері, соның ішінде түрлі мамандар мен жастардың өкілдері.

Қазақстандық фотографтың шығармалары Париж тұрғындарының және француз астанасының қонақтарының қызығушылығын тудырды, олардың көпшілігі Қазақстанға баруға ниет білдіріп, біздің еліміз, табиғатымыз және мәдениетіміз туралы көбірек білуге тілек білдірді.

Қосылған : 6.04.2019, 10:00, Өзгертілген : 6.04.2019, 10:00