Париж аспаны астындағы Қазақ рухы екі ел халқын біріктірді

Париж, 6 сәуір 2019 ж. - Жүздеген парижандар кезекті мәрте Франция астанасының тарихи орталығында тойлаған Наурыз мейрамының қуанышына қазақтармен ортақтасты. Жергілікті тұрғындар мен туристердің арасында атақты Jardin des Halles саябағында жиналған қонақтардың назарына дәстүрлі қазақ киіз үйі мен оның бұйымдары, Наурыз көже мен дәстүрлі тағамдарымен мерекелі дастархан, көрнекті мерекелік бағдарлама ұсынылды.

Мерекені Париж қ. 1-ші өңірінің Мэрі Жан-Франсуа Лёгарэ және Франциядағы Қазақстан Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Галиев ашты. Сөз сөйлеулерінде олар француз астанасының орталығында өтіп жатқан жарқын көктем салтанаты екі ел халқын біріктіріп, ағарту, өнер және философия орталығы - «Жарық Қаласының» айқын және танымал оқиғаларының біріне айналуда.

Іс-шара көрермендерді Наурызды қарсы алу дәстүрлерімен, келін түсіру тойы - «Беташардағы» ақынның таныстыруымен және қазақ халқының басқа да ежелгі салттарынан басталды, содан соң дизайнер Динара Абдуллина мен алтын жіппен тігу шебері Айжан Әбдубаиттің туындыларының қатысуымен «Сәукеле» сән үйінің этникалық стиліндегі жарқын киімдер дефилесі өтті.

Бағдарлама Нұрмахан Жантурин атындағы Атырау облыстық филармониясының атынан «Нарын» қазақ халық аспаптар Оркестрінің солистерінің өнер көрсетуімен жалғасты. Іс-шара қонақтарын қобыздың тебірентетін үнімен орындаушы Айгерім Ерсаинова таныстырды. Париждегі ҚР Елшілігі жанындағы «Қорқыт» қазақ мәдениетінің Орталығымен ұйымдастырылған домбырада ойнау және қазақ тілі курстарының ең жас шәкірттері де өз жетістіктерін көрсетті. Қазақстан Елшілігінің Кеңесшісі Мұрагер Сауранбаевтың орындауындағы домбыраның сүйемелдеуімен әнші Джонатан Дассеннің шығуы тосын сый болды, ол өзінің барлығымен сүйікті атақты әкесінің шлягерлері – «Champs-Elysées» и «À toi» орындады.

Бағдарлама осы мерекеге арнайы келген отандық эстрада жұлдыздары – отбасылық дуэт Бүркіт пен Аишаның жарқын, динамикалық және әсерлі перформансымен аяқталды, олардың әсерлі әуендері түрлі жастағы көрермендерді биге тартты.

Сахна алдындағы алаңда мерекенің аса епті келушілері жарыстарға қатысты, соның ішінде асық ата, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық спорт түрлерін ойнады. Жақын орналасқан тарихи ғимаратта Лувр алаңында әйгілі қазақстандық фотограф Тұрар Қазанғаповтың «Менің Қазақстаным» атты көрмесі ашылды, мұнда елімізді бейнелейтін өзінің бірнеше оншақты жұмыстарын ұсынды.

Іс-шара қонақтарының арасында Наурыз кеңінен тойланатын елдердің дипломатиялық миссия басшылары, француздық парламентарилер мен муниципалдық билік өкілдері, ЮНЕСКО, Еуропалық Одақ институттары мен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері, атақты мәдениет және қоғам қайраткерлері, Францияда тұратын отандастар мен қазақ диаспорасы болды.

Наурызды тойлау кешке француз астанасының тарихи және беделді сахналарыны бірі - «Gaveau» залында аншлагпен өткен «Нарын» Оркестрінің гала-концертімен жалғасты. Біздің француздық достарымыз үшін күтпеген сый болғаны - композитор Юбер Жироның «Париж аспаны астында» әуендерін қазақ аспаптарында виртуозды орындауы болды.

Қосылған : 6.04.2019, 17:00, Өзгертілген : 6.04.2019, 17:00