Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мәселелері Париждегі Қазақстан Елшілігінде талқыланды

Париж, 2015 ж. 15 тамызы – Қазақстанның Франциядағы Елшісі – ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев белгілі тарихшы-ғалым, Білім және ғылым министрлігінің Шығыстану институтындағы «Ғылым және руханият» ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі мен Тарихи материалдар зерттеу жөніндегі республикалық  орталықтың директоры Меруерт Әбусеитовамен кездесті.

М. Әбусеитова Елшіні Францияның жетекші мұрағаттарында ежелгі және ортағасырлық тарихына қатысты жаңа дереккөздерді іздестіру бойынша жұмысының кейбір нәтижелерімен және француз әріптестерімен ынтымақтастықтағы жинақталған тәжірибесі мен келешекке жоспарларымен таныстырды. Олардың арасында Ұлы дала кеңістігіндегі ірі мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен орын алған дипломатиялық қарым-қатынастардың дамуын растайтын құжаттардың болуы ерекше қызығушылық тудырды.

Өз кезегінде Ж. Ғалиев дипломатиялық өкілдік ұлттық мәдени мұрамызды Францияда және ЮНЕСКО алаңында насихаттауға, отандық зерттеушілердің, әсіресе «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бастамасы аясындағы, халықаралық жобаларына тұрақты негізде қолдау көрсететінін атап өтті.

Қосылған : 15.08.2019, 13:00, Өзгертілген : 15.08.2019, 13:00