Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Франция арасындағы мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастық өзара мүдделілік негізінде дәйекті түрде дамып келеді.

Білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін Жоғары білім беру және ғылыми-зерттеу салаларындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім берік негізін қаланды, оған Францияның Сыртқы істер министрі Л.Фабиустың Астанаға сапары барысында 2013 жылдың 1 наурызында қол қойылған (2016 ж. 4 сәуірде күшіне енді). Сол жылы 17 қыркүйекте Алматыға сапары барысында Франкотілдес істер министрі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында «Сорбонна-Қазақстан» университетін құру туралы келісімге қол қойды.

2015 ж. 5 қарашада Мемлкет басшысы Н.Назарбаевтың Францияға жасаған сапары барысында ғылыми ынтымақтастықты және жоғары білім саладағы, оның ішінде кәсіптік білім беру саласында ынтымақтастықты дамыту қарастырылған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі мен Франция Республикасы Жоғары білім және ғылым, ұлттық білім министрлігінің Жоғары білім және ғылым министрінің бірлескен декларациясына қол қойылды.

2017 ж. 16 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Сорбонна Париж-Сите 7 Дидро Университеті арасындағы екі жақты ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды, онда екі жақты диплом беру, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары, студенттер мен оқытушылармен алмасу, өзара ғылыми тағылымдамалар қарастырылған.

2017 ж. қыркүйек айының жай-күй бойынша Францияда 600-ге жуық қазақстандық білім алады, оның ішінде 7 адам «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша, оның ішінде 3-і магистратурада, 3-і докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқып жатыр және 1 адам тағылымдамадан өтіп жатыр.

Бүгінгі таңда «Болашақ» стипендиясына сәйкес 176 адам француз жоғары оқу орындарын аяқтады, олардың ішінде: 35 адам – бакалавриат, 93 адам – магистратура, 4 адам – докторантурада білім алды және 44 адам тағылымдамадан өтті.

«Альянс Франсэз» мәдени-білім агенттігінің өкілдері Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларында сәтті жұмыс істейді.

2017 ж. 16 қазанда «Рухани шаңырау» бағдарламасының халықаралық тұсаукесері аясында ҚР Ұлттық кітапханасының 200 қазақстандық кітап «BULAC» Шығыс тілдері және өркениеттер кітапханасының қорына аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша екі кітапхана арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Денсаулық сақтау саласындағы тығыз ынтымақтастық жалғасуда. 2014 ж. 13 ақпанда Астана қаласының әкімдігі мен Гюстав Русси атындағы француз онкология институты арасында Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, оның негізінде қазақстандық медицина қызметкерлеріне институттың Париждегі ауруханасында практикалық сабақтардан өту мүмкіндігі берілді.

Тұрақты негізде Францияда тұратын этникалық қазақтар қауымдастығымен қарым-қатынас сақталады. Бірлескен мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіледі. 2013 ж. 18-19 мамыр аралығында Парижде еуропалық қазақтардың кішігірім құрылтайы өтті.

Соңғы жылдары екі ел арасындағы мәдени байланыстар айтарлықтай кеңейді.

2013-2014 жж. Қазақстан мен Францияда екіжақты қарым-қатынас тарихында алғаш рет мәдениетаралық маусымдар өткізілді, оның барысында екі ел халықтары бай мәдени мұрасы мен заманауи өнердің жоғары деңгейімен танысты.

Жалпы айтқанда қазақстандық суретшілер Парижде ғана емес, сондай-ақ Францияның басқа қалаларында танымал театрлар мен концерт залдарының сахнасында өнер көрсетті.

Президент Н.Назарбаевтың Парижге ресми сапары қарсаңында (2015 ж. 4-6 қараша аралығында) Францияның Құрмет Легионының ұлттық мұражайына Қазақстан Республикасының мемлекеттік тапсырыстары мен медальдарының үлгілері берілді.

2016 ж. 23-25 маусым аралығында Астана қаласына «Байқоңыр» ғарыш айлағына генерал Ш. де Голль келуінің 50-жылдығына орай де Голль қорының президенті Ж.Годфрен бастаған француз делегациясы келді. Сапар барысында бірқатар мәдени шаралар өткізілді (Ұлттық музейдегі конференция, «Француз Альянста» дөңгелек үстел, Ұлттық және Әскери-тарихи мұражайларға бару, Оқушылар сарайында көрме, пошта маркасының тұсаукесері, Сенат депутаты И.Адырбековпен, Сыртқы істер министрлігінің, Индустрия және даму министрлігі Аэроғарыштық агенттігінің басшыларымен кездесулер өткізілді).

  • 2016 ж. 9 мамыр - 9 маусым аралығында «Карусель» Лувр мұражайының сауда-көрме галереясында «Қазақстанның керемет сұлулығы» атты теңдессіз фотокөрме сәтті өтті.
  • 2016 ж. 13 қазанда Ренн мен Алматы қалаларының арасындағы бауырластық қарым-қатынастардың 25-жылдығына орай Ренн қаласының Алматы бақшасында Абай бюсттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
  • 2017 жылдың қаңтарында Парижде Францияда қазақстандық студенттердің бастамасы бойынша «Қорқыт» қазақ мәдени орталығы ашылды, оның шеңберінде қазақ тілінде сабақ жүргізіліп, қазақтың халық аспаптары мен пианинода ойнауды үйретеді. Елшіліктің қолдауымен Орталық әрдайым мерекелік іс-шаралар мен концерттерді өткізеді.
  • 2017 жылдың мамыр айында Канн 70-кинофестивалінде халықаралық кинематографиялық қоғаммен мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға және ұлттық фильмдерді бірлесіп өндіру және қаржыландыру үшін әлеуетті серіктестерді тарту, тәжірибе алмасу және қазақстандық киноиндустрияны жаңғырту, сондай-ақ туризмді дамыту мақсатында ұлттық кинематографияның тарихында Қазақстанның ұлттық павильоны тұңғыш рет ашылды.

2017 ж. 17 қазанда ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Елшіліктің қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қоғамдық сананы модернизациялау: Нұрсұлтан Назарбаевтың моделі» атты ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырды, оған Қазақстанның және шетелдің саяси және мемлекеттік қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, ғылыми, мәдени және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. «Жаһандық әлемдегі қазіргі Қазақстандық мәдениеті» атты жобасын іске асыру аясында еліміздің мәдениеті, әдебиеті, өнері, білім беру және туристік әлеуеті туралы тақырыптық көрме ашылды. Сондай-ақ халықаралық презентацияның күн тәртібінде Қазақстан туралы және Астана туралы деректі фильмдер көрсетілді.

2017 ж. 18-19 қазан аралығында «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының халықаралық тұсаукесері аясында Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрінің, «Астана балеті» шеберлерінің және «Астана Опера» солисттерінің қатысуымен концерттер өтті.

2017 ж. 18 қазанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы және Ұлттық мұражайлар желісінің президенті С.Юбак екі елдің мәдениеті мен өнерін одан әрі ілгерілету және сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

2017 ж. 8 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі А.Райымқұлованың қатысуымен Қазақстан мен Францияның балет мектептерінің ректорлары арасында кездесу өткізді, кездесу шеңберінде тараптар Қазақстандағы балет өнерін дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

2017 ж. 3-4 желтоқсан аралығында «Astana Musical» театрының әртістері Париж және Канн қалаларында еуропалық гастрольдік турне аясында «Қыз Жібек» атты этно-фольклорлық музыкалық қойылымын ұсынды. 4 желтоқсанда Парижде Республикалық неміс драма театрының әртістері «Қарағұс» атты спектаклімен өнер көрсетті.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.11.2016, 18:50