Қазақстанның поэзиясы мен өнері француздардың көңілінен шығып, терең жүрек қылдарына әсер етті

Париж, 2019 жылдың 4 сәуірі - Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың 7 қыры» атты бағадарламалық мақаласын іске асыру мақсатында, және де Наурызды тойлау шеңберінде «Алтын зерлі ұлы көш» вернисажы аясында Франциядағы Қазақстан Елшілігінің ғимаратында Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, алтын жіппен тігу шебері Айжан Әбдубаиттің қолданбалы өнер туындыларын көрсетумен сүйемелденген Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Жазушылар одағының мүшесі, ақын Раушан Бүркітбаева-Нукенованың «Қаракөл бұйралары» («Завитки Каракуля») үш томдығының тұсау кесері өтті.

Құттықтау сөзімен жұрт алдында сөз сөйлеген Франциядағы Қазақстан Елшісі Жан Ғалиев іс-шара қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады, оның жаңару мен жаңа өмір нышаны, халықтар мен мәдениеттерді біріктіру мерекесі ретінде ерекше маңызын белгіледі. Қазақстандық дипломат Р.Бүркітбаева-Нукенованы қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі үшін және суретші А.Әбдубаитты ата-бабаларымыздың ұлттық киімдерінің бірегей туындыларын қайта жаңғыртқаны үшін алғысын білдірді.

Іс-шара қонақтары – француз астанасының өнер саласындағы зиялылар өкілдері – француз тілінде оқылған керемет поэзиядан, хандардың басқару кезеңдеріндегі қазақ қоғамының жоғары топтарының ұлттық киім-кешек түрлерінің көрсетілімінен, Қазақстан Елшілігінің қамқорлығымен қызмет атқаратын мәдени Орталығының қосарлас басшысы, дарынды музыкант Әйгерім Ерсаинованың қобыз бен жетігенде ойнауынан ләззат алып, қазақ асханасының таңдаулы тағамдарынан ауыз тиді.

Француз әдебиетінің құрметті профессоры, Академиялық Пальмалар Орденінің иегері Альбер Фишлер, Қазақстанға деген жанкешті отансүйгіштік пен махаббатының арқасында Раушан Бүркітбаева-Нукенованың өлеңдері қазақ мәдениетінің бірегей ескерткіші болды деп белгіледі. «Раушан Бүркітбаева-Нукенованың поэзиясы қызықты және эмоционалды, сондай-ақ өзекті және шынайы», – деп айтып өтті.

Кітап туралы француз ақыны, Нобель сыйлығының лауреаты, ақын Р.Бүркітбаева-Нукенованың үш жинақ кітабының авторы өз әсерін былай деді: «Раушан бірегей поэзиялық нысанда ХХ және XXI ғасырларда біздің заманымыз тап болған мәселелерді ұғынып, күресуге көмек көрсетуге тырысады. Ол өз қазақ халқының нағыз ақыны».

Граф Шереметьев : «Мұндай іс-шаралар қазақстандық-француздық қатынастардың дамуына салмақты үлес қосады. Бүгінгі кеш бізге – батыс еліне – сіздің еліңіздің керемет және бай мәдениетінің ерекшеліктеріне үңілуге мүмкіндік берді».

«Раушанның поэзиясы жүрегіміздің терең қылдарына әсер етті, бұл аса қадірлеуші, ақ жүрек және сезімтал адамдар үшін» – деп ақын Марилена Лика-Масала айтып өтті.

Қосылған : 5.04.2019, 10:00, Өзгертілген : 5.04.2019, 10:00