Экономикалық ынтымақтастық

Бүгінгі күнге, Франция Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің тізімінде 5-ші орында тұр, ал француз компаниялары еліміздің экономикасында ең ірі инвесторлардың қатарына кіреді.

2005 ж. және 2017 ж. қыркүйек арасында Қазақстан экономикасына жұмсалған француз инвестицияларының көлемі 13,9 млрд. долларға жетті. Қазақстанның француз экономикасына салған тікелей инвестициялардың көлемі осы кезеңде 29,6 млн. АҚШ долларын құрады. Біздің елімізде француз капиталының қатысуымен «Total», «Areva», «Air Liquide», «Danone», «Vicat», «PSA», «Alstom» және т.б. компаниялар сияқты жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыратын 130-дан астам кәсіпорын сәтті жұмыс атқарып жүр. Бірлескен жобалардың қатарына электровоздар, теміржол техника, авиациялық өнеркәсібі үшін титан өнімдері, сондай-ақ фармацевтика және тамақ өнімдерінің өндірісі кіреді. Ғарыш саласы, «жасыл экономика», энергетика және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобалары бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан мен Франция арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы шартқа қол қою күнінен бастап (2008 ж.), екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 43 млрд. долл. асты. Қазақстандық экспорттың негізгі баптарына мұнай, металлдар мен металөнімдер, химиялық өнімдер кіреді. Қазақстан Франциядан электрикалық, электрондық және механикалық жабдықтарды, тұтыну тауарларды, дәрі-дәрмектер мен косметиканы, автокөліктерді, азық-түлікті, құрылыс материалдарды импорттайды.

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазақстандық тарапынан тең төрағасы Инвестициялық және даму министрі Ж.Қасымбек, ал француз тарапынан - Еуропа және сыртқы істер министрлігі жанындағы Мемлекеттік хатшысы Ж.-Б. Лемуан (Үкімет мүшесі). ҮАК және Қазақстан-француз іскерлік кеңесі Президенттік Комиссияның институционалдық механизмдері болып табылады. Қазақстан тарапынан іскерлік кеңесінің төрағасы «Визор Холдинг» АҚ басшысы А.Кәрібжанов, ал француз тарапынан - «Total» қайырымдылық қорының Президенті И.-Л. Даррикаррер болып табылады. ҮАК-тың 13-ші отырысы 2017 ж. 7 қыркүйекте, ал ІК-нің 8-ші отырысы 2017 жылғы 25 сәуірде Астанада өтті.

2015 жылғы 29 наурыздан бастап, «Air Astana» әуекомпаниясының Астана-Париж бағыты бойынша тікелей рейсі ашылды. 2017 ж. 1 қаңтардан бастап Франция азаматтарының Қазақстанға қысқа мерзімді сапарларына (30 күнге дейін) визасыз режим орнатылды.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.11.2016, 18:50