Монако Князьдігімен екіжақты қарым-қатынастар

Жалпы мәліметтер

2009 ж. 15 қаңтарда - дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

2011 ж. 4 қазанда - ҚР-дың Монакодағы Құрметті консулдығының ашылу рәсімі өтті. Құрметті бас консул ретінде В.Семенихин тағайындалды.

2012 ж. 16 мамырдан - Монаконың Қазақстандағы Құрметті консулы ретінде Қ.Оразбеков жұмыс атқаруда.

2012 ж. 3 қарашада - Монаконың Астанадағы Құрметті консулдығы ашылды.

2013 ж. 28 наурызда - Монаконың ҚР-дағы қоса атқарушы Елшісі Э.Жанта (резиденциясы Лондонда) Сенім грамоталарын тапсырды.

2018 ж. 27 маусымда - ҚР-дың Монакодағы қоса атқарушы Елшісі Ж.Ғалиев Монако Князі II Альберге Сенім грамоталарын тапсырды.

Саяси қатынастар

2012 ж. 2-5 қарашада Президент Н.Назарбаевтың шақыруымен Монако Князі, Ғизатты Мәртебелі II Альбердің Қазақстанға алғашқы ресми сапары болды. Екі мемлекет басшыларының қатысуымен ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Монако Экономикалық даму палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Князь II Альбердің шақыруымен, 2013 ж. 27-28 қыркүйекте Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан мен екіжақты қарым-қатынастар тарихында Монакоға алғашқы ресми сапары болды.

2014 ж. 29-30 мамырда Монако Княздігінің сыртқы байланыс мәселелері жөніндегі Кеңесшісі (Министр) Ж.Бадианың Қазақстанға жұмыс сапары болды.

2014 ж. 14 қарашада Монако Князі II Альбердің Қазақстанға жеке сапары болды.

2015 ж. 5 наурызда Бас прокурор А.Дауылбаев бастаған қазақстандық делегацияның Монакоға сапары болып, оның барысында Қазақстан Республикасы мен Монако Князьдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге қол қойылды.

2016 ж. 11 қазанда Алматы қаласының әкімі Б. Байбектің Монако Княздігінің Мемлекеттік министрі (Премьер-министр), Сыртқы байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі Монако үкіметінің кеңесшісі Ж. Тонеллимен кездесулері ұйымдастырылды.

2017 ж. 24-25 маусымда Монако Князі II Альбердің ЭКСПО-2017 көрмесінде Монаконың ұлттық күніне қатысу үшін Астанаға жұмыс сапары болды. Президент Н.Назарбаевпен, Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевпен кездесулер өтті.

2018 ж. 27 маусымда ҚР-дың Франциядағы және Монакодағы қоса атқарушы Елшісі Ж. Ғалиев Монако Князі II Альберге Сенім грамоталарын тапсырды, кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың болашақ бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, ҚР Елшісінің Монако Князьдігінің Мемлекеттік министрі (Премьер-министрі) С.Тэлльмен, Монако үкіметінің халықаралық қатынастар және ынтымақтастық бойынша кеңесшісі Ж.Тонеллимен, Князьдің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі А.-М.Буабувьемен және Монако Халықаралық сауда палатасының директоры Д.Хаймэнмен кездесулері өтті.

2017 ж. 6-7 желтоқсанда Миландағы ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі аясында екі мемлекеттің сыртқы істер министрлері Қ. Әбдірахманов пен Ж.Тонеллидің толыққанды кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және аэроғарыш саласында өзара байланыс орнату қажеттігін атап өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2012 ж. 23 ақпанда бірінші қазақстандық-монаколық бизнес-семинар өткізілді.

2013 ж. 11-13 маусымда Монаконың Қазақстандағы Елшісі Э.Жанта және Экономикалық даму палатасының Бас менеджері Э.Риттер-Моати бастаған бизнес-делегация Қазақстанда сапармен болды.

2013 ж. 19 шілдеде Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев Князьдікте жұмыс сапарымен болып, Премьер-Министр М.Рожемен және Монако Князі кабинетінің (сарайының) басшысы Ж.Лизимакиомен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың осы елге алғашқы ресми сапарын әзірлеу мен екі жақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын күшейтуге байланысты келіссөздер өткізді.

2013 ж. 26 қыркүйекте қазақстандық-монаколық бизнес-форум өткізілді, оған қазақстандық компаниялардың 40-қа жуық өкілдері және 60-тан астам Монако кәсіпкерлері қатысты.

Монако ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын ресми түрде растаған алғашқы елдердің бірі. 2017 ж. 24-26 маусымда Көрмедегі Князьдік Ұлттық күнінің аясында Монако компанияларының 20-ға жуық өкілдері қатысты.

2017 ж. 7-9 тамызда ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі делегациясы Монакода болды. Сапар қорытындысы бойынша 2017 ж. 10 қазанда Князьдік Үкіметіне бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жобасы енгізілді.

2018 ж. 12-15 шілдеде «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» (IGTIC) басшысы Р. Жошыбаев Монакода сапармен болды. Сапардың қорытындысы бойынша IGTIC пен Князь II Альбер Қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2018 ж. 27 қыркүйекте Астана Халықаралық Қаржы Орталығының (AIFC) басқарушысы Қ.Келімбетовтің Монакоға сапары болып, оның барысында Мемлекеттік министр С.Тэлльмен кездесу, сондай-ақ Князьдіктің қаржылық және іскер топтары үшін AIFC таныстырылымы өтті.

2018 жылдың қаңтар-қараша аралығында тауар айналымы 48,9 мың АҚШ долларын құрады (экспорт - 0,9 мың доллар, импорт - 48 мың доллар). 2018 жылғы сыртқы саудадағы негізгі үлес косметика, электр жабдықтары және халық тұтынатын тауарларға тиесілі.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2012 ж. 2-30 қараша аралығында Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында, ашылу салтанатына Президент Н.Назарбаев пен Князь II Альбер қатысқан, әлемге әйгілі «Грейс Келли дәуірі» көрмесі өтті. Көрме белгілі Голливуд актрисасы және Монако Князі III Реньенің жұбайы Грейс Келлидің жеке өміріне арналған.

2014 ж. 1 қазанда Монакода қайырымдылық қорын Князь II Альбер басқаратын Еуропалық зерттеу және онкологиялық аурулармен күресу ұйымының қайырымдылық кешіне Д.Назарбаева қатысты.

2014 ж. желтоқсанда Монте-Карлодағы ең беделді галереялардың бірінде (Carr'e Dor'e) қазақстандық суретшілер Марат Бекеев, Гүлфайрус Исмаилова, Эдуард Казарян және Андрей Ноданың көрмесі өтті.

2017 ж. 9 қаңтарда Монакода Қазақстанның мәдениет күндері өтті, онда фильмдер көрсетілімі мен Алматы симфониялық оркестрінің концерті ұйымдастырылды.

2017 ж. 25 маусымда Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Монако Ұлттық күнінің аясында Халықаралық Монте-Карло цирк фестивалінің ұжымы өнер көрсетті.

2018 ж. 14-15 қыркүйекте Монте-Карлода «Астана балет» труппасының концерті өтті.
Қосылған : 7.02.2019, 15:55, Өзгертілген : 7.02.2019, 15:55