Eкіжақты қарым-қатынастар

Жалпы ақпарат

1992 жылғы 25 қаңтарда - дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1992 жылғы наурызда - Францияның Қазақстанда Елшілігі ашылды.

1993 жылғы шілде - Қазақстанның Францияда Елшілігі ашылды.

2017 жылғы қазан айынан бастап - Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Ғалиев.

2017 жылдың қазан айынан бастап - Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ.

2013 жылдан бастап - Францияның Алматыдағы бас консулы Патрик Ренар.

Қазақстанның Франциядағы құрметті консулдары: Доминик Пажес (Францияның оңтүстік өңірі) және Эрве Броннер (Лион қ.).

Саяси қарым-қатынастар

Қазақстандық-Француз қарым-қатынастарының негізгі қағидаттары 1992 жылы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Францияға ресми сапары барысында қаланған болатын, атап айтқанда екі ел арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы шартқа қол қойылды.

1992 жылдан бастап Президент Н. Назарбаевтың Францияға 11 ресми және жұмыс сапарлары өтті, соның ішінде 2015 жылдың қараша айындағы мемлекеттік сапары.

Сонымен бірге Франция басшылығы Қазақстанға бірнеше сапарларын өткізді, атап айтқанда Ф. Миттеран (1993 ж.), Н. Саркози (2009 ж.) және билікте тұрған Президент Ф. Олланд (2014 ж. желтоқсан айында).

2008 жылы Парижде екі елдің басшылары стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. Франция Қазақстанмен ынтымақтастықтың мұндай деңгейінде орнатқан алғашқы ЕО-ға мүше мемлекеті болды.

2010 жылғы 16 шілде Сыртқы істер министрлері қол қойған хаттамаға сәйкес Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасында тұрақты саяси диалог қалыптастыру мақсатында өзара мәселелері бойынша пікір алмасуда «Қазақстан-Франция» президенттік комиссия және жұмыс істейтін бұл мекеме бірлескен жобаларды іске асыру арқылы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын іздестіруде өзара қызығушылық жасайды.

Үкімет басшылары деңгейіндегі кездесулер тұрақты түрге айналды. Соңғы кездесу 2015 жылғы желтоқсанда Парижде Климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ-ның конференциясы (COP 21) шеңберінде өтті.

Парламентаралық қарым-қатынастар жүйелі түрде дамып келеді. Франция Парламентінің екі палатасында парламентаралық достық топтары жұмыс атқарып келеді. Сенатта «Франция-Қазақстан» шағын тобын басқару мәртебесі М. Буварға берілді. Ұлттық Ассамблеяда «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Т. Мариани болып келеді.

Сыртқы істер министрліктері арасында байланыстар қолдаушылық табуда. 2013 жылғы 1 наурызда Қазақстанға алғашқы сапарын Францияның сыртқы істер министрі Л. Фабиус жасады. 2014 жылдың 10-11 маусымда Парижге ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов сапармен келді.

СІМ-аралық консультациялар саяси ынтымақтастықтың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады. Стратегиялық әріптестік туралы шарттың күшіне енген кезден бастап сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде төрт раунды келіссөздер өткізілді.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.11.2016, 18:50