Франциядағы Қазақстан Елшісі студенттермен кездесу өткізді

Ү.ж. 18 қазанда Франциядағы Қазақстан Елшісі Жан Ғалиев Францияның жоғарғы оқу орындарында (Париж, Страсбург, Анже, Нантер) оқып жүрген қазақстандық студенттік жастар қауымымен кездесу өткізді. 

Жастар жылы аясында өткен кездесу барысында студенттер жаңа қоғамдық ұйым - Франциядағы Қазақстан жастары қауымдастығын таныстырды. Белсенділер ұйымның студенттерді қолдауға және француздар арасында Қазақстанды таныстыруға бағытталған жаңа жобалары мен жоспарларымен бөлісті.

Қазақстан Елшісі жастарды жаңа ұйымның құрылуымен құттықтап, елшіліктің отандастарымызға қолдау көрсетуге үнемі дайын екендігін атап өтті. Елші қазақстандық студенттердің еліміздің оң имиджін насихаттаудағы маңызды рөлін атап өтті.

 Кездесуде студенттер қауымдастығын толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. Мерекелік, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу, түлектердің одан әрі жұмысқа орналасуына қолдау көрсету және француздық кәсіпорындарда тағылымдамадан өту туралы пікір алмасу өтті. Cонымен қатар, студенттер дипломаттардың жұмысына қызығушылық танытты. Елші барлық сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан мен Франция арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту бойынша тың бастамаларымен бөлісіп отыруды ұсынды.

Қосылған : 18.10.2019, 23:20, Өзгертілген : 18.10.2019, 23:20