Француз халқы еліміздің заманауи мәдениетімен танысты

ПАРИЖ, 2019 жылғы 12 қазан - Франциядағы ҚР Елшілігі жанындағы Мәдени орталықта Қазақстан және Қырғызстан суретшілерінің «Азия шыңдары» көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шара  2018 жылы Елшілік ұсынған «Франциядағы Қазақстан күзі» мәдени маусым  және «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында іске асырылуда.

Көрменің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі Жан Ғалиев өнер арқылы халықтарымыздың дәстүрлері, тарихы мен салт-ғұрыптары туралы көбірек білуге мүмкіндік беретін мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда мұндай жобаларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. «Бүгін талантты суретшілердің жұмыстары арқылы біздің халқымыз бен бауырлас Қырғызстан халқының заманауи мәдениетін ұсына алғанымызға  қуаныштымыз», - деді Елші.

Көрмеде өздерінің туындыларын ұсынған 10-нан астам қазақстандық шеберлер бар, олардың қатарында: Абай Чунчалинов, Алтыншаш Алпысбаева, Алмагүл Есімова, Бақытнұр Бурдисбеков, Назира Женишбекова-Баррионуэво, Гүлзада Хамра, Елена Фурса, Маруа Байтырсұнова, Сырға Сарукиева, Таня Эфрон, Фариза Нурпанова, Құралай Аманжолова, Лариса Пак, Маргарита Усманова, Шамиль Усманов, Лим Джонок.

Көрмедегі суреттерге іс-шара қонақтары -  француздық өнертанушылар, мәдениеттанушылар, Париждің саяси және қоғамдық орта өкілдері үлкен қызығушылық танытты.

«Көрмеміздің суретшілердің шығармашылығы айтарлықтай әртүрлі, оны бірыңғай көркемөнер ағымының немесе бағытының белгісімен шектеу мүмкін емес, олардың әрқайсысы – жарқын, жеке дара шығармашылық», - деп көрме ұйымдастырушыларының бірі, қазақстандық суретші Бибігүл Смакова мәлімдеді.

«Бүгінгі көрмеде ұсынылған көркем суретшілердің түстік әлемі қанық және өзгеше. Туындылар өте шынайы және табиғи, олар көрерменнің ішкі дүниесіне әсер етеді», - деп Galaxy Art арт-галереясының басшысы Флоранс Вивьен бөлісті.

«Мені ленталар және киізбен орындалған қолданбалы қолөнер шеберлерінің жұмыстары өте таң қалдырды. Олар адамның көпқырлығын көрсететін қайталанбас бейнелерді жасады.  Неткен дарындылық!», - деп өзінің таңданысын Француз жасанды интеллект және генетика институтының президенті Жан Рожэ Сикилини білдірді.

«Мен осындай таңғажайып көрмеге келу мүмкіндігі болғанына   және қазақстандық шеберлердің шығармышылығымен танысқаныма қуаныштымын. Қазақстан Елшілігіне жылсайын мәдени маусымды ұйымдастыру   идеясына алғысымды айтамын. Мұның арқасында біз қазақ халқының бай мәдениетін жақсы көріп қалдық», - деп Француздық геосаясат қоғамдастығының өкілі, Қазақстанның досы Франсуа Бодэн атап өтті.

«Азия шыңдары» көрмесі - суретшілер Н. Женишбекова-Баррионуэво, Г. Бост және Б. Смакова бірлескен жобасы  Париж тұрғындары мен француз астанасының қонақтарына 19 және 26 қазанда ашық болады.

Қосылған : 14.10.2019, 09:00, Өзгертілген : 14.10.2019, 10:00