Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары» атты халыққа үндеуі

2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаев ҚР Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары» атты халыққа жаңа үндеуін жариялады.

Онда әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету ісін жалғастыру жөніндегі бастамалар қамтылған.

Үндеудің толық мәтінін мына сілтеме бойынша оқуға болады.

Қосылған : 5.03.2018, 21:00, Өзгертілген : 5.03.2018, 22:00