Канадада Қазақстан дипломатиялық қызметінің 25 жылдығы мерекеленді

2017 жылғы 20 шілдеде Оттавада Елшілік Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына орай қабылдау ұйымдастырды. Қатысқандардың арасында Канада Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Бугайлискис, Премьер-министрдің ұлттық қауіпсіздік бойынша Кеңесшісі Д.Жан, Протокол басшысы Р.Нортон, мемлекеттік органдар мен Канада СІМ құрылымдық бөлімінің басшылары, мамандар мен журналистер, Оттавада аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, сондай-ақ қазақстандық диаспора өкілдері болды.

Елші өзінің сөйлеген сөзінде сыртқы саяси ведомствоның мемлекеттік құрылыс пен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы баян етті, Елбасы Президент Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларын және қазақстандық дипломатияның басты жетістіктерін назар аударды. К.Жигалов Қазақстанның ядролық таратпау мен қарусыздану мәселесіндегі көшбасшылығы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі ҚР қызметі, ЭКСПО-2017-нің жоғары дәрежелі жұмысының аралық нәтижелері туралы, сондай-ақ Канадамен екі жақты ынтымақтастықты нығайтудағы қол жеткізген жетістіктерге ерекше көңіл бөлді.

Канада Үкіметінің атынан сөз сөйлеген А.Бугайлискис Қазақстанның 25 жыл ішіндегі халықаралық аренадағы жетістіктерін жоғары бағалап, БҰҰ ҚК-гі ҚР қызметі мен ядролық таратпау саласындағы көшбасшылығын ерекше атап өтті. Сыртқы істер министрінің орынбасары Канаданың ҚР-ға ЭКСПО-2017 мәнмәтінінде климаттың өзгеруімен күрес мәселесінде қолдау көрсететінін, ұлтаралық және заманауи қоғам құру, білім мен этникаралық келісімге ерекше назар аударды.

Шара аясында «ҚР дипломатиялық қызметіне 25 жыл» атты мерейтойлық медальдер Канаданың ҚР-дағы бұрыңғы елшісі М.Скокқа пен Камеко корпорациясының басшысы, Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің тең төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі Т.Гитцельге табысталды.

Сонымен бірге ҚР СІМ жыл сайын өткізіп отыратын «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының жеңімпазы Т.Тейлорға естелік сыйлық табыс етілді.

Қабылдау Канаданың саяси истеблишменті және дипломатиялық корпусы тарапынан оң бағаға ие болды, Қазақстанмен ынтымақтастыққа деген дәстүрлі түрдегі жоғарғы қызығушылық пен Президент Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларының жоғары бағасының көрінісі болып табылды.

Қосылған : 23.07.2017, 16:20, Өзгертілген : 23.07.2017, 17:25