Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов - Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі
1968 жылы 28 қыркүйекте Алматыда туған.
1992 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген.
1992 – Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінде ағылшын тілі оқытушысы.
1993-1994 – ҚР СІМ Консулдық басқармасының референті.
1994-1995 – ҚР СІМ Консулдық басқармасының атташесі.
1995-1997 – Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.
1997-1998 – ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің үшінші хатшысы, бөлім бастығы.
1998-2003 – Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің бірінші хатшысы.
2003 – ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының Ақпарат және талдау басқармасының талдау бөлімінің басшысы.
2003-2005 – ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары.
2005-2008 – ҚР СІМ Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің директоры.
2008-2009 – ҚР СІМ Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы департаментінің директоры.
2009-2011 – ЕҚЫҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің орынбасары (кеңесші-уәкіл).
2011-2012 – Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің орынбасары (кеңесші-уәкіл).
2012-2014 – ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры.
2014-2017 – Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.
2017-2018 – Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің орынбасары.
2019 жылы 9 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды
II сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.