Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барады

Қазақстан Президенті 2017 жылғы 30 қазанда Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр.

Қосылған : 26.10.2017, 12:40, Өзгертілген : 26.10.2017, 12:40