Елбасы Иордания Короліне арнайы сыйлық табыс етті

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Корольдігінің Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеинмен шағын құрамдағы келіссөздер өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен ядролық қаруға қарсы күресте ерекшеленгендерге арналған арнайы сыйлық бекіткен едім. Қазақстан нөмірі бірінші сыйлықты Сізге табыстау шешімін қабылдады және мен сәйкесінше жарлыққа қол қойдым. Бұл Сириядағы, Ирактағы соғыс жағдайда халықтарды жақындата түсетін бітімгершілік рөліңізді жалғастырудағы еңбегіңіздің мойындалуы. Сирия жөніндегі Астана процесінде де Сіздің еліңіз зор рөлге ие. Осыны ескере келе арнайы комиссия бұл сыйлықты Сізге табыстап отыр. Оны Сізге табыс ету мен үшін зор құрмет», - деді кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев.

Қосылған : 1.11.2017, 11:45, Өзгертілген : 1.11.2017, 11:45