Норвегия қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Норвегиядағы Елшілігі Норвегияның діни бірлестіктерімен ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің атынан Ораза Айт мерекесіне байланысты құттықтау хатын алды. Онда норвегиялық тарап «барлық қазақстандықтарға бейбіт және қуанышты Ораза Айт мейрамына байланысты ең ізгі тілектерін» жолдады.

«Норвегияда да Рамазанды жақындары мен достарымен мерекелеп, қуанышпен бөлісетін мұсылман бауырластарымызды бiз барынша қолдаймыз», - деп атап өтті Кеңестің Бас хатшысы Ингрид Розендордоф Джойс.

"Жасыратыны жок, әлемнің кейбір бұрыштарында адамдар арасында дінаралық деңгейде үрей бар, ортақ пікір білдіруге қорқады. Дегенмен, Норвегияның Діни бірлестіктермен ынтымақтастық жөніндегі Кеңесі «бейбітшілік пен толеранттық мәдениетін, келіспеушіліктерді жеңу және конфессияаралық келіспеушіліктерді жою жолында, ортақ мақсаттарымызға жету үшін айтарлықтай жұмыс істеп жаткан қазақстандықтарға алғысын білдіреді», - делінген хатта.

Қосылған : 7.06.2019, 00:00, Өзгертілген : 7.06.2019, 01:05