Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2002 жылдан бастап ЮНЕСКО / норвегиялық траст-қоры Тамғалы петроглифтері басқару, сақтау және ұсыну жөніндегі жобаны жүзеге асырды.

ЮНЕСКО-ның, мемлекеттік органдардың, РМК институтының, Норвегияның Сыртқы істер министрлігінің және Мәдени мұра департаментінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде, 2004 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне петроглифтер қосылды.

Қазақстан мен Норвегия халықтары арасындағы этнографиялық және мәдени байланыстарының гипотезасын зерттеу бойынша «Қорған ДНК» атты бірлескен жобаны жүзеге асыру жалғастырылуда. Жиналған генетикалық материалдарды талдау негізінде, әкелік жағынан норвегиялық тұрғындардың 50% -дан астамы ежелгі Қазақстан халықтарымен генетикалық тығыз қарым-қатынаста болу фактісі расталды. Жобаға қатысушылар, Қазақстан мен Норвегия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық, тарихи ата-бабаларымыздың және қазіргі ұрпақтардың ортақтығын дәлелдейтіндігіне сенімді. Сынақ нәтижелері жақын арада күтілуде.

НК қазақ диаспорасы

Норвегиялық жалпы жұртшылық арасында қазақ мәдениетін насихаттауға, қазақ диаспорасы және ҚР арасындағы байланысты қолдауға бағытталған Елшіліктің ұйымдастыратын іс-шараларына, бұрынғы отандастар және қазақстандықтар тұрақты негізде қатыстырылады.

Қазақстандық-норвегиялық мәдени орталық өз жұмысын тұрақты түрде жалғастыруда. Орталықта қазақ тілін, ұлттық биді және музыканы оқу бойынша балаларға арналған үйірмелер ұйымдастырылған.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.11.2016, 18:50