Қазақстан Елшісі Нарвиктік соғыс және бейбітшілік орталығында болды

Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов Норвегияның солтүстігіндегі Нарвиктік соғыс және бейбітшілік орталығында болды.

Нарвиктік соғыс және бейбітшілік орталығының Қоры ғылыми-зерттеу, құжаттандыру және білім таратушылық арқылы бейбітшілік, халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары туралы білімді кеңейту мақсатында жұмыс жасайды.

Елші Семей облысының тарихы мен онда ядролық сынақтардың салдарынан болған бейнеттері, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу туралы тарихи шешімі және Қазақстан ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқаны жайлы айтып берді. Орталыққа Қазақстан мен ел басшылығының халықаралық қауіпсіздікті, таратпау режимін және бітімгершілікті нығайту саласындағы әрекеттері туралы әдебиет сыйланды. Сонымен бірге, Е.Ахинжанов биыл қазақстандық Елшілік Елбасы Н. Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабінің норвегиялық аудармасын шығаруға дайындалып жатқанын жеткізді.

Осымен қатар, Елші қазақстандық тараптың Екінші дүниежүзілік соғыстың Норвегия аумағында орын алған оқиғаларын және қазақстандықтардың осы елдің солтүстігін босатуға қатысқанын зерттеу туралы қызығушылығын танытты. Бұған қоса, Норвегия аумағында фашистік лагерлерде қаза тапқан қазақстандықтардың жерленген орындарын іздестіру мен зерттеу қажеттілігі білдірілді.

Елші Бейсфьордтағы бұрынғы әскери тұтқындары лагерінің аумағындағы Кеңес солдаттарына арналған мемориалына барды.

Сонымен қатар Елші Е.Ахинжанов аймақтық ірі «Fremover» газетіне сұхбат берді.

Қосылған : 29.08.2019, 09:00, Өзгертілген : 29.08.2019, 10:00