Экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық

2016 жылдың 11 айында екіжақты сауда көлемі 65,8 млн АҚШ долларын құрады. (Қазақстанға импорттау - 55млн.АҚШ долл. Қазақстаннан экспорт - 10,9млн. АҚШ.долл.). Норвегия ҚР балық және балық өнімдерін жеткізеді - 48,4%, кәсіби және ғылыми жабдық - 31,1%, алдын-ала дайындалған ғимараттар - 11,3%, жабдықтар (көлік, генератор, кеңсе, телекоммуникация) - 7,6%, химиялық өнеркәсіп өнімдері салалық (органикалық және бейорганикалық химия, пластмасса, резина және металл бұйымдар) - 1,6%. Норвегияға қазақстандық экспорт астық, астық және майлы дақылдарды ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден 85,9% -ын құрайды, 6,1% әр түрлі салаларға арналған құрал-жабдықтар, 5,3% - түсті металл, 2,7% - кәсіби және ғылыми жабдықтар. Қазақстан Республикасының аумағында 11 норвегиялық компаниялар жұмыс істейді.

2015ж. 18 қарашасында норвегиялық «Nord Development» компаниясының Бас директоры А.Хрольдің басшылығымен Норвегиялық-қазақстандық сауда- өнеркәсіптік палатасы Кеңесінің (НҚ СӨП) ресми ашылуы, екіжақты қарым-қатынастағы маңызды оқиға болды, НҚ СӨП жұмысының бірқатар негізгі бағыттары анықталды, нақты міндеттер қойылды.

2015ж. 13 қазанында, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуға шағын және орта бизнес субъектілерін тартуға бағытталған Құрметті консул институтының құрылуы маңызды кезең болды.

Іскерлік белсенділігін ынталандырудың, сондай-ақ жоспарланған, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытудың тетігі болуы тиіс ынтымақтастық жөніндегі екі жақты Үкіметаралық комиссия ерекше рөл атқаратын болады.

Қазақстан мен Норвегия арасындағы өзара инвестицияларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауда, әділ режимді ұсынуда, инвестициялардың барлық түрлерінің капиталының қорғалуын және сақталуын қамтамасыз етуде, сондай-ақ, ҚР экономикасына жаңа технологиялар мен білімді енгізудегі әлеуетті көтермелеуде екі ел арасында өзара инвестицияларды қорғау туралы Келісімге қол қойылуы, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ұсыныстарына сәйкес ҚР салық заңнамасын реформалау, маңызды қадам болып табылады.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.11.2016, 18:50