Eкіжақты қарым-қатынастар

Қазақстандық-норвегиялық қатынастар

Жалпы ақпарат

1992ж. 2 қаңтарында Норвегия Корольдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады.

1992ж. 5 маусымында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2004ж. 21 маусымында Ослода ҚР дипломатиялық миссиясы құрылды.

2008ж. қыркүйегінде ҚР Норвегия Корольдігінің Елшілігі құрылды.

2012ж. наурыз айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен ҚР дипломатиялық миссиясы Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігіне өзгертілді.

2012ж. қыркүйегінде О.Бёрной ҚР Норвегияның Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды (2012ж. 26 қарашасында Сенім грамоталарын табыс етті).

2013 жылдың қыркүйегінен 2014ж. қыркүйегі аралығында А.Тәжиев Норвегиядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

2014ж. 17-ші қыркүйегінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қ.Әбусейітов Норвегия Корольдігіндегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды (2014ж. 6 қарашасында Король Харальд V-ке Сенім грамоталары табыс етілді).

Саяси ынтымақтастық

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Норвегия Корольдігіне алғашқы ресми іс-сапары (2001ж. 2-4 сәуірі, Осло) екіжақты қарым-қатынастарға жаңа серпін берді. Мемлекет Басшысы Король Харальд V-пен, Премьер-министр Й.Столтенбергпен, Стортингінің (Парламент) Вице-Президенті X.Росьордпен кездесулер өткізді, Норвегиялық сыртқы саясат және халықаралық қатынастар институтында (NUPI) Қазақстанның сыртқы саясаты туралы дәріс оқыды. Мұнай және газ, телекоммуникация, кеме қатынасы, туризм және құрылыс салаларымен айналысатын норвегиялық компаниялардың қатысуымен Дөңгелек үстел өтті.

Сапар барысында, қос салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтан жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияға қол қойылды, сондай-ақ Қазақстан және Норвегия арасындағы достық қарым-қатынастарды және ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы Бірлескен мәлімдеме жасалынды.

2004ж. 25-26 мамырында НК Премьер-Министрі К.Бондевиктің ҚР іс-сапары болып өтті. Саяси және экономикалық салалардағы ынтымақтастықты тереңдету туралы екіжақты құжаттарға қол қойылды. Екі елдің іскері топтарының қатысуымен бизнес-форум және Астанада Норвегия Корольдігінің Құрметті консулдығының ресми ашылу рәсімі өтті.

Халықаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан және Норвегия таратпау және ядролық қауіпсіздік режимінің белсенді жақтастары болып табылады. Тараптар, жаһандық ядролық қауіпсіздік бойынша ұқсас ұстанымдарда. Аталған сала, екі елдің ғылыми және академиялық орталарын, азаматтық қоғамын біріктіреді. Халықаралық қауіпсіздік пен таратпау режимін нығайтудағы Қазақстанның ерекше үлесін мойындай отырып, бірлескен талдаулық зерттеулер жүргізіледі, ҮЕҰ және Қазақстан мен Норвегияның кең жұртшылығының қатысуымен халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазақстан және Норвегия ядролық қаруды таратпауға және ядролық қарусыздануға елеулі үлес қосып отыр, ядролық энергетика саласында маңызды ойыншылар болып табылады. Норвегия төмен байытылған уранның Халықаралық банкін (ТБУХБ) құру Жобасының донорларының бірі болып табылады. (2006ж. американдық «Ядролық қауіпті азайту бойынша бастама» атты Қормен (Nuclear Threat Initiative – NTI) басталды). АҚШ (49млн.АҚШ долл.), ЕО (25млн.АҚШ долл.), Кувейт (10млн.АҚШ долл.), БАӘ (10млн.АҚШ долл.), Норвегия (5млн.АҚШ долл.) және Қазақстан (400 мың АҚШ долл. және заттай жарналар) донорлар болып табылады.

Ядролық отын банкін құру, ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға, МАГАТЭ және ядролық қаруды таратпау бойынша Шарттың (ЯҚТШ) рөлін арттыруға ықпал ететіндігіне байланысты, Қазақстан өз аймағында ТБУХБ орналастыру арқылы осы жобаға өз қолдауын білдірді. (2011 жылы Қазақстан өз аймағында ТБУХБ орналастыру туралы өтінім жасады. 2015ж. 11 маусымында МАГАТЭ басқарушылар Кеңесі ТБУХБ орналастыру туралы ҚР елдік жобасының Келісімін бекітті.) 2015ж. 27 тамызында норвегиялық тараптың қатысуымен, Қазақстанда Семей полигонының жабылу күні - 29 тамызына арналған ҚР және МАГАТЭ арасындағы келісімдер пакетіне қол қою рәсімі өтті.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.11.2016, 18:50