Шарттық негізі

Қазақстан Республикасы және Норвегия Корольдігі арасындағы екіжақты шарттық-құқықтық негіздің жағдайы туралы

ҚР – НК арасындағы екіжақты шарттық-құқықтық негіз келесі екіжақты құжаттарды қамтиды:

Мемлекетаралық деңгейде:

  • 1.Қазақстан Республикасы және Норвегия Корольдігі арасындағы екі жақтық салық салуды болдырмау, кіріске және капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция. 2001 ж. 3 сәуірінде қол қойылды. 2006 жылы өз күшіне енді.
  • 2.Қазақстан Республикасы және Норвегия Корольдігі арасында достық қатынастарды және ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірлескен Декларация. 2004 жылдың 25 мамырында қол қойылды.
  • 3.Қазақстан Республикасы және Норвегия Корольдігі арасында мұнайгаз саласындағы ынтымақтастық және диалог туралы бірлескен мәлімдеме. 2004 жылдың 25 мамырында қол қойылды.

Үкіметаралық деңгейде:

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Норвегия Корольдігі Үкіметінің арасындағы ынтымақтастық бойынша қазақстандық-норвегиялық үкіметаралық комиссияны құру туралы Келісім.

  • 2.Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Норвегия Корольдігі Үкіметінің арасындағы өз азаматтарын және үшінші мемлекеттер азаматтарын реадмиссиялау туралы Келісім.
  • 3.Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Норвегия Корольдігі Үкіметінің арасындағы дипломатиялық төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату бойынша Келісім.
  • 4.Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Норвегия Корольдігі Үкіметінің арасындағы халықаралық автокөліктік тасымалдау туралы Келісім.

Мекемеаралық деңгейде:

  • 1.ҚР атом энергетикасы бойынша Комитет және норвегиялық радиациялық қорғау бойынша Агенттігінің арасында радиациялық қорғау саласы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум. Зарарлы радиациялық аумақтарды тазалау және пайдаға асыру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру қарастырылуда. 2008ж. 28 қарашасында қол қойылды.
  • 2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің арасында техникалық және кәсіптік білім саласында ынтымақтастық туралы Меморандум. 2011ж. 17 маусымында қол қойылды.
  • 3.Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің арасында өзара түсінік бойынша Меморандум. 2011ж. 22 қыркүйегінде қол қойылды.
  • 4.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің және Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің арасында өзара түсінік бойынша Меморандум. 2013ж. 21 наурызында қол қойылды.
  • 5.«Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ және халықаралық даму бойынша Норвегиялық агенттіктің арасында технологияны трансферттеу саласындағы Келісім. 2012ж. 9 қазанында қол қойылды.
  • 6.«Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ және халықаралық даму бойынша Норвегиялық агенттіктің арасында Қазақстандық-норвегиялық технологиялық ынтымақтастық орталығын құру және іске қосу бойынша Келісім. 2013ж. 30 қыркүйегінде қол қойылды.
  • 7.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Статойл» арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы Меморандум. 2014ж. 19 маусымында қол қойылды.
Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.11.2016, 18:50