ҚР Бас прокуратурасының делегациясы норвегиялық әріптестерімен тәжірибе алмасты және өзара ынтымақтастықтың мүмкін болатын бағыттарын талқылады

Ү.ж. 9-12 қазаны аралығында ҚР Бас прокуратураның делегациясының Норвегияның Осло қаласына сапары болып өтті.

Сапар барысында, Ұлттық прокуратураның ұйымдасқан қылмысқа қарсы қызметінің (NAST), Бас прокуратураның, Корольдік Әділет және қауіпсіздік министрлігінің, Норвегиялық полицияның қауіпсіздік қызметінің (PST), PST жанындағы лаңкестікке қарсы күрес орталығының, Осло қаласының полиция Директоратының, Полицияның норвегиялық жоғары мектебінің (PHS) өкілдерімен кездесулер өтті.

Ұлттық прокуратураның ұйымдасқан қылмысқа қарсы қызметінің Басшысы Ян Фредрик Глентпен (Jan Frederik Glent) кездесу барысында, лаңкестікпен күрес жөніндегі Еуропалық Орталықтың жұмысының негізгі бағыттары, лаңкестікке қарсы күреске байланысты мемлекеттік іс-шаралар жүйесі, лаңкестікке, азаматтардың радикализациялануына қарсы күрес жөніндегі заңнамалық актілер және стратегиялық құжаттар, талқылаудың басты тақырыбы болды. Норвегиялық тарап рәсімдік заңнама, осы саладағы Норвегияның мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Ұлттық прокуратура қызметінің өкілі, ИЛИМ лаңкестеріне қарсы күрес бойынша жеке қылмыстық істерді тергеу туралы ақпаратты ұсынды.

Бас прокуратураның Аға прокуроры Анне Гростадпен (Anne Grostad) кездесу кезінде қылмыстық істі тергеу тәртібі, полиция қызметкерінің, прокурордың және судьяның жауапкершілік салалары, сондай-ақ Норвегия прокуратурасының функциялары, құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

Корольдік Әділет және қауіпсіздік министрлігінің, Норвегиялық полицияның қауіпсіздік қызметінің (PST), PST жанындағы лаңкестікке қарсы күрес орталығының, Осло қаласының полиция Директоратының өкілдерімен өткен бірлескен кездесуде қоғамдық жиылыстардың құқықтық негіздері қарастырылды.

Өз кезегінде, ҚР БП өкілдері норвегиялық тарапты ҚР лаңкестікке және экстремизмге қарсы әрекет жағдайы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің 2016 жылғы құрылымдары, ҚР 2013-2017 ж.ж. және 2018-2020 жылдарға арналған Лаңкестікке және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде жүргізілген және жоспарланған жұмыстар туралы ақпараттандырды.

Сонымен қатар, ҚР БП өкілдері ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясының базасында Жаһандық қатерлерге қарсы қимыл орталығы жобасы туралы ақпараттандырды және норвегиялық әріптестерді оған қатысуға шақырды. Аталған жобаны БҰҰ Есірткілерге және қылмысқа қарсы басқармасы (ЕҚБ), ЕҚЫҰ, Ұлыбританияның, ГФР, Нидерландының сарапшылары қолдағаны атап өтілді.

Қосылған : 13.10.2017, 15:00, Өзгертілген : 13.10.2017, 15:00