Мәскеуде тоғызыншы "Бауырсақ" қазақстандық өнім дүкені ашылды

Бүгін Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі мен Сауда өкілдігінің қолдауымен "Бауырсақ" қазақстандық өнім дүкені ашылды. Бұл Мәскеу және облыстағы брендінің тоғызыншы дүкені.

Салтанатты жағдайда Елшіліктің кеңесші-уәкілі Нұржан Каджиақбаров, Сауда өкілдігінің басшысы Байыржан Сартбаев пен "Бауырсақ" сауда жүйесін құрушы Елена Кондакова қызыл жіпті кесті.

Бүгін ашылған дүкеннің қалғандарынан айырмашылығы бар. Егер бұрын сауда орындары классикалық сатып алушы-сөре-сатушы болса, жаңа дүкен – бұл өзіне өзі қызмет көрсету супермаркеті болды. Дүкенде кафе-кулинария да бар. Жаңа дүкеннің мекенжайы: Академик Янгель көшесі 1-үй, 1-корпус.

Мәскеу нарығындағы 7 жыл жұмыстың ішінде "Бауырсақ" компаниясы ірі қазақстандық тауар маркаларымен жемісті жұмыс жасап келеді. Олардың ішінде – "Рахат", "Баян Сұлу", "Алматинский продукт", "Лия", "Кэмми", "Кублей", "Семей ет комбинаты", "Омега специи", "Белес", Teahouse және т.б. бар. Жалып 35қазақстандық өндіруші.

Қосылған : 11.06.2019, 18:50, Өзгертілген : 11.06.2019, 22:50