"Beibitshilikjanebirlik. Peaceandunity" веложорығының қатысушылары Елшілікке келді

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне "Beibitshilik jane birlik. Peace and unity" веложорығының қатысушылары келді.

Жорық Қазақстан халқының бірлігі күнінің қарсаңында 29 сәуірде Лондоннан басталды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақ географиялық қоғамы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы.

Веложорықтың мақсаты Қазақстанға және оның этномәдени әр алуандығына деген қызығушылықты тудыру, экологиялық көлікті қолдануды дәріптеу, салауатты өмір салты мен жаппай спортты насихаттау. Сонымен бірге, 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланған соң, жас ұрпақты мәдени және патриоттық тәрбиелеу.

Ресей астанасына веложорық қатысушылары Ұлыбритания, Бельгия, Германия, Польша және Беларусь арқылы 3,5 мың шақырым жолды жүріп келді.

Команда құрамына елде тұратын түрлі ұлт өкілдері кірді, осылайша ұлтаралық келісімнің өзгеше қазақстандық моделін көрсетті.

Велосипедшілер Елшілік ғимаратын аралап, Қазақстан-Ресей қатынастары музейінің экспозициясымен танысты. Содан соғ дипломаттармен әңгімелесті.

Енді жігіттер мен қыздар Нұр-Сұлтан қаласына жол тартты. 6 шілде – Елорда күніне қарсы бұл саяхатын аяқтайды деп күтілуде.

Қосылған : 11.06.2019, 11:45, Өзгертілген : 11.06.2019, 16:45