Қазақстан Елшілігінің Мәскеудегі Консулдық бөліміне ғаламтор арқылы жазылуға болады

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің сайтында онлайн арқылы Консулдық бөлімге жазылу мүмкіндігі пайда болды.

Осы қызмет түрі арқылы кез-келген азамат уақытын үнемдеп, өзіне ыңғайлы уақытта Консулдық бөлімге жазыла алады.

Ол үшін арнайы әзірленген бөлімге еніп, қажетті қызмет түрін алу үшін сол берілген нұсқаға сілтеме жасап, тиісті мәліметтерді толтыру арқылы ыңғайлы уақытты белгілеу шарт.

Электрондық билет автоматты түрде поштаңызға түседі. Содан кейін тек қағазға басып шығару ғана қалады. Осы құжат арқылы Консулдық бөлімге барып, тиісті қызмет түрін ала аласыз.

Қосылған : 6.03.2018, 11:30, Өзгертілген : 6.03.2018, 13:50