Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бүгін Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.

Қос тарап Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының негізгі тұстарына және де елде өтетін биылғы маңызды шараларына тоқталып өтті.

Бұл 9-шы Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздердің жүргізілуі. Сонымен қатар, Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтап беретін бесінші саммиттің Қазақстанда өтуі. Заманында КСРО мен Иран мемлекетінің арасында ғана жатқан қарт Каспийге кеңес одағы күйрегеннен кейін Иран және Ресеймен қатар әлем картасынан орын алған Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан елдері де иелік еткен еді. Содан бері аталған 5 мемлекетің арасындағы теңіздің түбіндегі мол табиғи ресурстармен қатар геосаяси шекара бөлу мәселесіндегі күрмеуі көп мәселелер шешілген емес. Жалпы, бүгінге дейін Каспий жағалауы мемлекеттері Президенттерінің саммиті 2002 жылғы 23-24 сәуірде, 2007 жылғы 16 қазанда, 2010 жылғы 18 қарашада және 2014 жылғы 29 қыркүйекте өткені белгілі. Мемлекет басшыларының екінші кездесуі қорытындысы бойынша Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстанның декларациясы қабылданды. Үшінші Каспий саммитінің бес мемлекет Президенттерінің бірлескен мәлімдемесіне, сондай-ақ, Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Төртінші Каспий саммиті барысында Президенттер теңіздегі жағалау мемлекеттердің қызметі жүргізілетін қағидаттардың кең тізімін бекіткен бірлескен Мәлімдемені рәсімдеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшылары каспийлік келіссөздер үдерісіндегі ілгерілеуін атап өткен және одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын көрсеткен Саммиттің коммюникесін қабылдады.

Бұдан өзге, алтыншы рет өткелі отырған әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі және Қазақстан мен Ресейдің ХV өңіраралық ынтымақтастығы форумы.

Осы жылдың жоспарын кеңінен талқылаған ұйым жетекшілері, жүргізіліп отырған көп бағыттағы шаралардың маңыздылығына тоқталды. Мұнымен қоса, сыртқы саясаттағы байланыс мүмкіндітерін жетілдіруге де ерекше мән берілді.

Қосылған : 14.02.2018, 08:50, Өзгертілген : 14.02.2018, 15:45