Қазақстанның Елшісі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрімен кездесті

Бүгін Қазақстанның Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, атап айтқанда ең жоғары және жоғары деңгейлердегі өзара сапарлардың кестесін, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың даму барысын, сондай-ақ көпжақты құрылымдардағы өзара іс-қимылды, ТМД елдеріндегі және Орталық Азия аймағындағы ахуалды талқылады.

И.Тасмағамбетов Қазақстан-Ресей қатынастарының дамуы мен нығаюына қосқан үлесі үшін Сергей Лавровқа "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы" мерейтойлық медалін табыстады.

Өз кезегінде, РФ СІМ басшысы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай өз құттықтаулары мен жылы тілектерін білдірді.

Дипломаттар тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты. Әңгіме екі ел қатынастары үшін дәстүрлі достық және сенімділік жағдайында өтті.

Қосылған : 30.08.2019, 15:20, Өзгертілген : 30.08.2019, 19:20