Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов сенім грамоталардың көшірмелерін табыстады

Бүгін Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Статс-хатшысына – Ресей Федерациясының сыртқы істер Министрінің орынбасары Григорий Карасинге сенім грамоталардың көшірмелерін табыстады.

ейін Оның Ресей Федерациясының сыртқы істер Министрі Сергей Лавровпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, интеграциялық құрылымдар аясындағы екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ аймақтық және халықаралық мәселелердің өзекті мәселелері талқылады.

Қазақстан елшісі РФ СІМ басшылығына БҰҰ-дағы Ресейдің Тұрақты өкілі Виталий Чуркиннің өліміне байланысты терең көңіл білдіріп және Смоленск алаңындағы Ресей Сыртқы істер министрлігі ғимаратының кіре берістегі естелік орынға гүл қойды.

Қосылған : 22.02.2017, 15:30, Өзгертілген : 22.02.2017, 16:30