Мәскеуліктер аруларымызды 8 Наурыз мерекесімен қазақ тілінде құттықтады

Мәскеуде оқып жүрген азаматтар қыз-келіншектерді қазақ тілінде құттықтады.

Соңғы кездері ресейлік студенттер арасында қазақ тілін үйренушілер қатары артқан. Бұған екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас пен Еуразиялық экономикалық одақтың нығая түсуі басты себеп болып отыр.

"Тіл адам санасының қалыптасуына әсер ететін басты қозғаушы күш. Себебі осыған орай адамның мінез құлқы мен тәрбиесі өзгереді. Менің бір байқағаным, қазақ тілін төрт жыл бойы үйренушілер біраз өзгерген. Нақтылайтын болсам, өзгеге мейіріммен қарау, қонақжайлылық және сыпайылық сияқты қасиеттер артқан. Бұл тіл арқылы келетін дүние", – дейді МГЛУ жанындағы қазақ тілі және мәдениеті орталығының директоры Камшат Шахатова.

Тілдің қасиетін ұғынып жүрген азаматтардың басын қосып, арнайы бейнеқұттықтау әзірлеген Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ресейліктердің қазақстандық аруларға жолдаған керемет, әдемі өлең жолдарын мерекелік тарту етеді.

Видеоклип

Қосылған : 7.03.2018, 10:30, Өзгертілген : 7.03.2018, 14:35