ҚР СІМ-де Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 2 шілде - Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Министрдің Бірінші орынбасары Мұxтар Тлеубердінің Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) Атқарушы кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында 2019 жылғы 27-29 тамыз аралығында Жидда қаласында (Сауд Арабиясы) өтетін АҚИҰ Бас Ассамблеясының (АҚИҰ БА) 2-ші сессиясына дайындық жөніндегі мәселелер талқыланды.

АҚИҰ Бас Директорының қызметін атқарушысы Ерлан Байдәулет қатысушыларды АҚИҰ БА 2-ші сесиясында бекітілуі жоспарланған құжаттармен таныстырды. Олар ұйым қызметінің құқықтық негіздерін қалап, практикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.

АҚИҰ Атқарушы кеңесінің Төрағасы – Сауд Арабияның өкілі Абдулазиз Альхуэйши Корольдіктің АҚИҰ-на жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты. Соған байланысты сауд тарапы келесі 5 жылға АҚИҰ Хатшылығына 2 млн. АҚШ долл. көлемінде ерікті жарнаның бөлу жөнінде шешім қабылдады.

Айта кетерлік жайт, Ислам ынтымақтастығы ұйымының аясында АҚИҰ құру жөнінде бастаманы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. АҚИҰ штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Қазіргі таңда ұйымның құрамына Ислам әлемінің 33 мемлекеті кіреді және оның қызметі ауыл шаруашылығы мен азық-түлік әлеуеті салаларында мұсылман әлемінің күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған.

Қосылған : 2.07.2019, 20:40, Өзгертілген : 2.07.2019, 20:40