ҚР Елшілігі Мәскеуде инсульт алған Қазақстан азаматын авиациямен елге жеткізді

Ресейдің Мәскеу қаласында жұмыс барысында инсульт алған Қазақстан азаматы авиациямен Алматы ауруханасына жеткізілді.

Эсхаил үшін Ресейге жұмыс сапары оқыс аяқталды. Ер адам Ресей астанасындағы зауыттардың бірінде жону станогымен жұмыс істеу кезінде инсульт алды. Ауыр сырқаттың салдарынан сол жақ бөлігі түгел жансызданып қалған. Жедел жәрдем оны ессіз күйде ауруханаға алып кеткен. Мәскеу ауруханасында екі айға жуық уақыт жатқан ол, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Консулдық бөлімшесіне көмек сұрап хабарласты.

Көп ұзамай дипломатиялық өкілдіктің араласуымен науқас авиакөлікпен Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізілген. Консулдық қызметкерінің ілесіп жүруімен Эсхаил Жакупбаев Отанға аман-есен жеткізіліп, медицина қызметкерлерінің қолына тапсырылды.

Қосылған : 13.08.2019, 17:50, Өзгертілген : 13.08.2019, 20:50