Тақырыбына балалар суреттерінің байқауын өткізу туралы Ережесі

"Бекітемін"

Қазақстан Республикасының

Ресей Федерациясындағы

Елшілігінің Кеңесші-уәкілі

______________В.В. Темірбаев

2017 жылғы "____" наурыз

"Болашақ энергиясы" тақырыбына

балалар суреттерінің байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕСІ

2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек кезеңінде Астана қаласында "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандырылған көрмесі өтеді.

Көрменің негізгі тақырыбы – "Болашақ энергиясы". Ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіреді.

Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып энергия тұтынуды жоспарлап бақылау білуге үйрету білімін қалыптастыру.

Балалар суреттерінің байқауы Көрменің негізгі тақырыбына арналған - "Болашақ энергиясы".

Байқаудың ұйымдастырушылары

Байқауды Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі (бұдан әрі – Елшілік) Қазақстан Республикасының Қазан және Санкт-Петербург қалаларындағы Бас консулдықтары мен Қазақстан Республикасының Астрахань және Омск қалаларындағы Консулдықтардың (бұдан әрі – ҚР консулдық мекемелері) қолдауымен, сондай-ақ қазақтардың жергілікті және аймақтық ұлттық-мәдени автономиялары, ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымдар, қорлар мен мәдени орталықтардың (бұдан әрі – Ресейдегі отандастардың қоғамдық ұйымдары) көмегімен ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

– ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесі атты Қазақстанның ең ауқымды ұлттық жобасымен таныстыру;

– экология тақырыбы туралы ойлану, сондай-ақ энергетиканың өзекті мәселелері мен энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану бойынша білім қалыптастыру;

– графикалық бейнелеу дағдыларын дамыту;

– Ресейдегі қазақ қауымдастығының және Қазақстаннан шыққандардың балаларын Елшілік пен Ресейдегі отандастардың қоғамдық ұйымдардың бірлескен жобалары шеңберінде өзін-өзі шығармашылық танытуға тарту;

– Елшілік, ҚР консулдық мекемелері мен Ресейдегі отандастардың қоғамдық ұйымдардың арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды дамыту және бекіту.

Байқау қатысушылары

Байқауға қатысуға Ресейдегі қазақ диаспорасы мен отандастар өкілдерінің 14 жасқа дейінгі балаларына рұқсат етіледі.

Байқау өткізу тәртібі

Байқау екі кезеңде өткізіледі – іріктеу бөлімі және финал.

Бірінші кезең, іріктеу бөлімі, Астрахань, Қазан, Омск, Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларындағы орталықтары бар (Мәскеу қ. және Ресейдің Орталық федералдық аймағы бөлек) ҚР-ның РФ-дағы консулдық аймақтарда өткізіледі.

Жұмыстар (түпнұсқалары) консулдық мекемелеріне поштамен/қолма-қол, ал жұмыстардың көшірмелері – олардың электрондық пошталарына жіберіледі:

Астрахань – astrakhan@mfa.kz;

Қазан – kazconsul@mail.ru;

Омск – omsk@mfa.kz;

Санкт-Петербург – kazconspb@mail.ru;

Мәскеу и ОФА – konkurs.kazembassy@mail.ru

Әр консулдық аймақтарда қазылар алқасы мәлімделген тақырыпқа сай бес ең үздік жұмыстарды таңдап, оларды Елшілікке жібереді.

Екінші кезең, финал. Іріктелген суреттер Елшілік сайтында орналастырылады.

Қазылар алқасы 1-ші, 2-ші және 3-ші орындар үшін үш жеңмпаздарды таңдайды.

Қалайтындар Елшілік сайтындағы Ресейдегі отандастар/Анонс/Балалар суреттерінің байқауы бөлімінде өз пікірлерін қалдыра алады және ұнатқан жұмысқа дауыс бере алады. Осы форматта көрермендер көзайымы жүлдесінің иегері анықталады.

Байқауды өткізу мерзімдері

– 2017 жылғы 17 сәуірге дейін қатысушылардың өтінімдері мен жұмыстарын ҚР консулдық мекемелеріне қабылдау;

– 2017 жылғы 5 мамырға дейін әр консулдық аймақтан бес ең үздік жұмыстарды таңдау және оларды Елшілікке жіберу;

– 2017 жылғы 15 мамырға дейін 1, 2, 3-ші орындары үшін жеңімпаздарды және көрермендер көзайымы жүлдесінің иегерін анықтау;

– 2017 жылғы 27 мамырда (анықтауды талап етеді) жеңімпаздарды марапаттау.

Жеңімпаздарды марапаттау

2017 жылғы 27 мамырда (анықтауды талап етеді) жоспарланған жеңімпаздарды марапаттау рәсімін Елшілік өткізеді (өткізу орны мен уақыты рәсімнің қатысушыларына қосымша хабарланады).

1-3 орындар мен көрермендер көзайымы жүлдесінің иегерлері бағалы сыйлықтар алады.

Марапаттау рәсіміне қатысушылардың Мәскеу қаласына бару/қайту жолы, сондай-ақ тұру шығындары жіберген тарапы есебінен жүзеге асырылады (қоғамдық ұйым, демеуші).

Конкурсқа қатысуға өтінім ұсынудың тәртібі

және суреттерге қойылатын талаптар

1. Конкурсқа әр адам 1 жұмыс ұсынады.

2. Жұмыс "Болашақ энергиясы" тақырыбы бойынша суретті ұстанып, келесіні қамтып көрсету керек:

– "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандырылған көрмесі;

– "Жасыл энергетикасы";

– экология проблемаларын шешу;

– энергия тұтынуды жоспарлау және бақылау;

– болашақта энергияны пайдалану әдістері.

3. Жұмыстар А3 форматында, қалаған техникада орындалады.

4. Міндетті түрде келесі мәліметтерді көрсету керек:

– Автордың толық аты-жөні, жасы, жұмыстың атауы;

– Әке-шешесінің аты-жөні немесе қатысушының мүдделерін табыстайтын отандастардың қоғамдық ұйымдардың атауы.

Байқаудың қазылар алқасы

1. Консулдық аймақтардағы қазылар алқасы ҚР консулдық мекемелері жанында қалыптастырылады. Қазылар алқасының құрамына төраға (консулдық мекеменің басшысы), сондай-ақ тиісті консулдық аймақта орналасқан РФ әр субъектісінің бір өкілі (ауызша уағдаластық бойынша) кіреді.

Мәскеу қаласында қазылар алқасының төрағасы – Елшіліктің Мәдени-гуманитарлық бөлімінің басшысы, бірінші хатшы А.Т. Аспандиярова, қазылар алқасының мүшелері: Мәскеу қаласы бойынша – Мәскеу қаласындағы отандастардың қоғамдық үйымдарының өкілдері; ОФА бойынша – аймақтың отандастардың қоғамдық ұйымдарының өкілдері (келісім бойынша).

Дауыс беру қазылар алқасы мүшелерінің қатысуымен немесе Skype/электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

2. Финалдың қазылар алқасы. Қазылар алқасының төрағасы – суретші ________________, мүшелері – Елшіліктің Мәдени-гуманитарлық бөлімінің дипломаттары (келісім бойынша), _____________________.

Қосылған : 15.03.2017, 15:35, Өзгертілген : 15.03.2017, 17:35