​Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысын ашты

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 4 шілде – Бүгін Тәуелсіздік сарайында «Адам капиталын дамыту» тақырыбында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысы өтті.

Іс-шараға еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин және Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов қатысты.

Сондай-ақ, Кеңестің пленарлық отырысқа 300-ге жуық мемлекеттік органдар мен ұлттық және ірі трансұлттық компаниялардың басшылары,халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырысты аша отырып, Мемлекет басшысы Қазақстанда адамның білім алуына оның туғаннан бастап және бүкіл өмір бойы салым салуға қажетті барлық база құрылғанын атап өтті.

Отырыс барысында, ҚР Сыртқы істер министрі Б. Атамқұлов Кеңестің 31-ші пленарлық мәжілісінің хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов адам капиталын дамыту туралы, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти, инвестициялық саясатты, энергетиканы, қоршаған ортаны және мұнай-газ саласын, еңбек заңнамасын, адами капиталды дамытуды және шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты Кеңеске шетелдік тараптың ұсыныстары бойынша «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығының Басқарма төрағасы Агрис Приишимис сөз сөйледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс топтарының барлық ұсынымдарын және отырыста жарияланған баяндамашылардың ұсыныстарын назарға алуды тапсырды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан тарапынан Кеңестің құрамына ел Үкіметінің мүшелері, «Бәйтерек» ҰБХ »АҚ және «Атамекен» АҚ басшылары, сондай-ақ 32 ірі трансұлттық шетелдік компаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары және 5 шетелдік бақылаушы қатысты.


Анықтама: Шетелдік инвесторлар кеңесі - Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Кеңес Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвесторларды біріктіретін тиімді алаңға айналды, ұлттық экономиканы дамытуға және инвестициялық климатты жақсартуға байланысты маңызды мәселелерді талқылау мүмкіндігін ұсынды.

ШИК Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен консультативтік-кеңесші орган.

Кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің инвестициялық саясат пен елдің экономикалық дамуының негізгі аспектілері бойынша ұсыныстары мен ұсыныстарын әзірлеу, оның ішінде:

• Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау;

• Қазақстанға инвестиция салған халықаралық компаниялардың проблемалы мәселелерін анықтау арқылы елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту;

• Қазақстан Республикасының нормативтік базасын жетілдіру;

• Экономиканы әртараптандыру, индустриалды секторды индустрияландыру, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы инвестициялық және құқықтық жағдайлар жасау;

• Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдік экономикалық процестерге одан әрі интеграциялау;

• Қазақстан Республикасының экономикасына қосымша шетелдік инвестицияларды тарту стратегиясы;

• Қазақстан Республикасы үшін, сондай-ақ инвесторлар үшін де маңызды мәселелер.

Кеңес мүшелерімен пікір алмасу және ұсыныстар беру Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өтетін Кеңестің жыл сайынғы пленарлық отырысында жүзеге асырылады.


Қосылған : 4.07.2019, 18:30, Өзгертілген : 4.07.2019, 18:30