Мәскеу орталығындағы шырша Қазақстанның жаңажылдық дәстүрі жайлы "әңгімелейді"

Мәскеудегі Sputnik-тің ерекше шыршасында бейсенбі күні жаңалықтар және Қазақстанның дәстүрі күні өтеді. 

Sputnik-тің ерекше шыршасы қаладағы ГУМ сауда орталығында орналасқан.

Мәскеудегі цифрлық шыршада Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы жұмыс істейтін елдердің жаңажылдық жаңалықтар күндері басталды. Мұнда күн сайын әртүрлі елден түрлі хабарлар келеді.

Бейсенбі күні Sputnik-тің ерекше шыршасы мәскеуліктер мен қала қонақтарына Жаңа жылда қазақ отбасылары ет асқанды ұнататынын, XIX ғасырдың ортасынан бері ел тұрғындары бұл мерекені еуропалық дәстүр бойынша атап өтетіні туралы "айтып береді".

Қазақстан туралы қызықты мәліметтер мұнымен аяқталмайды. Ерекше шыршаға келген қала тұрғындары Қазақстанның оңтүстігінде желтоқсан айында бақбақ гүлдейтінін, қазақ Аяз атасының резиденциясы Бурайбайда орналасқанын біле алады.

Қосылған : 26.12.2019, 12:00, Өзгертілген : 26.12.2019, 14:35