Иманғали Тасмағамбетов Сергей Лавровпен кездесті

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдегі өз миссиясын аяқтаған Иманғали Тасмағамбетовпен кездесуі өтті.

Сергей Лавров Қазақстанның Ресейдегі елшісі ретінде атқарған жұмысы үшін Иманғали Тасмағамбетовке үлкен алғысын білдірді. Сондай-ақ Ресей мен Қазақстан арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға қосқан баға жетпес үлесі үшін марапатталды.

Ол, әсіресе, Иманғали Тасмағамбетовтың жеке қасиеттері мен кәсібилігін атап өтті.

Достық кездесу аяқталғаннан кейін Сергей Викторович Иманғали Нұрғалиұлына Құрмет белгісі ретінде естелік сыйлық табыс етіп, ең жақсысын тіледі.

Қосылған : 20.12.2019, 18:20, Өзгертілген : 20.12.2019, 19:25