Иманғали Тасмағамбетов Ақтөбе филармониясының әртістерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдауда сөз сөйлеген Ақтөбе облыстық филармониясының әртістері Ғ.Жұбанова атындағы ("Аққу" би ансамблі және "Арайлы Ақтөбе" фольклорлық ұжымы) Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігіне барды. 

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов музыканттарға жылы лебізін білдіріп, кеш қонақтарына жоғары кәсіби өнер көрсеткені және жағымды эмоциялары үшін алғысын білдірді.

Оның айтуынша, мұндай концерттер халық дипломатиясының дамуына, бейресми, тұлғааралық байланыстарды нығайтуға, халықтың қалың жігінің арасында қазақ мәдениетін насихаттауға баға жетпес үлес қосады.

Өз кезегінде шығармашылық топ осындай жоғары және беделді іс-шараға қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Елшілікке бару барысында қонақтар Қазақстан-Ресей қатынастары тарихы мұражайының экспозициясымен танысты.

Қосылған : 4.12.2019, 17:25, Өзгертілген : 4.12.2019, 19:00