Иманғали Тасмағамбетов Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесу өткізді. 

Мәскеуге өңір басшысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысу үшін келді.

Кездесу барысында тараптар Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында қазақстандық жауынгерлерді еске алу үшін Ресейде мәңгі есте сақтау бойынша бірлескен мәдени-гуманитарлық жобаларды талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елшілік пен Ақтөбе облысы әкімдігінің Жалпы күш-жігерінің арқасында Ржев қаласында қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориал қайта жаңғыртылып, Санкт-Петербургте Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш ашылды.

Елшілік барысында Оңдасын Оразалин Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары тарихы мұражайының экспозициясымен танысты.

Қосылған : 3.12.2019, 14:25, Өзгертілген : 3.12.2019, 16:35